Мектептегі іс-шаралар » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Восточно-Казахстанская область
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
отдела образования Урджарского района
Приемная
+7(72) 61-75-36
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
31
октябрь
2024

Мектептегі іс-шаралар

https://www.instagram.com/reel/C_h2YwWqn5t/?igsh=ZjU3dGE0ZWo2bnZs

https://www.instagram.com/p/DBYFSSfMf76/?igsh=MWhoZDJ0NWpwMzA5dA==
https://www.instagram.com/p/DBbVyGiqBLi/?igsh=Zms0bWl5bzV4c2Fz​​​

1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі екені баршамызға аян! Биылғы алғашқы қоңырау мерекесіне 1-сыныптан -133 оқушы, 11-сыныптан-46 оқушы қатысты. №45 орта бейіндік мектебінің білім алушыларына, ұстаздарына  жылы лебізін білдіру үшін ШҚО бойынша «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Е.К.Манашева, ардагер ұстаздарымыз О.Р.Тлеукенов келіп қатысты.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!











ШҚО білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

«Код сағаты»  туралы қорытынды

есебі

Мектептің 5-11 сынып оқушылары 2023 жылдың 4-8 желтоқсан аралығында «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы Код сағаты» акциясын және «First Roboties» роботехника жөніндегі ғылыми жоба республикалық конкурсына  қатысып, қолданбалы бағдарламалау және ақпараттық технологияларға қатысты білімдерін  толықтырды. Конкурсқа 5-11 сыныптар арасындағы 570 оқушының, 508 қатысты. Мектеп оқушыларына жасанды интеллекттің пайда болуы, эволюциясы және қазіргі кездегі қолдану негіздері мен  мамандардың тәжірибеде жасанды интеллектпен қалай жұмыс істейтіні туралы мәлімет   берілді, https://real-or-fake-the-ai-game.onrender.com сайтындағы зерттеулерді  ынталандыру және цифрлық технологияларды қазақшалау мақсатындағы  ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты “KazakhTTS” атты деректер жиынтығы видеосымен танысты. https://studio.code.org/ сайтына оқушылар тіркеліп, өз акаунттарымен жұмыс жасады,  одан кейін оқушылар http://imaginaire.cc/gaugan2/ сілтеме бойынша объектілерді модельдеу бағдарламасымен танысып, тапсырмалар орындады. ойын ортасында берілген 10 тапсырманы қызығушылықпен орындап, сертификаттарға ие болды. 

Қазір әлемдік деңгейдегі  алпауыт мемлекеттер кішкентай балалар мен ересектерге дейін бағдарламалау тілін үйретіп жатыр. Бұл жоба оқушылардың информатикаға, программист мамандығына қызығушылығын арттыруға, балалардың бағдарламалау дағдыларын дамытуға бағытталған конкурс болды. «Код сағаты» жаһандық бағдарламалау конкурсына белсене қатысып,  өз үлестерін қосты. Конкурс туралы ақпарат мектеп сайтына және 

Осы акциядан оқушылардың бағдарламалауға деген қызығушылықтары оянып, болашақта осы саладағы мамандықтарын таңдауға септігін тигізді деген қорытынды ой жасадым.

Жауапты мұғалімі: Сейпкенова Г.З. 








05.10.2023 жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ базасында бүкілқалалық жаттығу өткізу жоспарына сәйкес ауқымды техногендік апат қаупі төнген жағдайда оқу орындарындағы оқушылар мен қызметкерлерді  қауіпсіз аймаққа шығаруды ұйымдастыру мақсатында  оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ. Оқу-жаттығуға қойылатын барлық талаптар орындалып 437 оқушы, 51 мұғалім, 12 қамту қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Оқу-жаттығуды бақылау мақсатында №8 өрт сөндіру бөлімінің караул бастығы Сайлаубаев Бегжан Серікұлы қатысты.
Бұндай жаттығулар оқушылар мен қызметкерлердің кез келген апаттық жағдайға дайын болуларына машықтандырады.
https://www.instagram.com/reel/CyC6S-AqG4O/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

[media=https://www.instagram.com/reel/CyAuheALtjU/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==]
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№45 орта бейіндік мектебі” КММ-де «Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген!» атты  ұстаздар күніне арналған апталық аясында «Ұстазыма мың алғыс!» атты  құттықтау  челленджі бастау алды. #ұстазымамыңалғыс, #ustazymamynalgys, #сүйіктіұстазым, #suiktiustazym, #арамыздағыбатырлар @krmo_gov.kz.
[media=https://www.instagram.com/reel/Cx7hLBiLiDI/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==]
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№45 орта бейіндік мектебі” КММ
Білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері — Преподаватели күнімен құттықтаймыз! Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей сіздерге байланысты. Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!
[media=https://www.instagram.com/reel/Cxxg9Q_q8hB/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==]
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “№45 орта бейіндік мектебі” КММ жоспарға сәйкес “Аман жүрші, қарттарым! “ атты апталық аясында “Қарттарын қадірлеген ел ардақты!” атты ардагерлер алқасының кеңесінде кездесу өткізіп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік концерт мектептің вокал, домбыра және көркемсөз үйірмесінің оқушыларымен ұйымдастырылды.
[media=https://www.instagram.com/reel/CxnCkINKxUm/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==]
[media=Тамыз айының 30 мен қыркүйек айының 30-на дейін жалғасын тауып жатқан, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Күз берері мол болсын!» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды адал еңбекке баулу, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке үйрету. Барша қатысқан ұстаздар, оқушылар мен ата-аналарға алғысымыз шексіз.]

ДЖО  [attachment=96]

№45 орта бейіндік мектеп жанынан құрылған  «Балдаурен-2023» жазғы сауықтыру лагері
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері 05.06.23 – 16.06.23 күндері аралығында жұмыс жасайды. Онда  көпбалалы және отбасы әлеуметтік көмекке зәру 50 баланы  қамтыды. «Біз – бақытты балдырған» атты тақырыпта лагердің ашылуы өтті.  Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері білгіштер келіп, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, би билетіп, оқушыларды қызықтыра білді. Демалушылар бүгінгі күннің қызықты өткенін айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Жазғы сауықтыру лагерінде  әр баланың қауіпсіздігіне  және әр күндерін тиімді, көңілді өткізуге жоспар құрылып , шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған.

Летний оздоровительный лагерь "Балдаурен-2023" создан рядом со средней школой № 45
Летний оздоровительный лагерь "Балдаурен" будет работать с 06.05.23 по 16.06.23. В него вошли 50 многодетных детей и семей, нуждающихся в социальной помощи. Открытие лагеря проходило под девизом "Мы - счастливые дети". На церемонию пришли любимые герои детей, играли в игры, дарили подарки, пели песни, танцевали и развлекали учеников. Отдыхающие рассказали об интересном прошлом сегодняшнего дня и поделились своими впечатлениями. В летнем оздоровительном лагере разрабатывается план обеспечения безопасности каждого ребенка и проведения его дней эффективно и весело, и он направлен на творческую работу.

Summer recreation camp "Baldauren-2023" established near secondary school No. 45
"Baldauren" summer health camp will work from 06.05.23 to 06.16.23. It included 50 children with many children and families in need of social assistance. The opening of the camp was held under the theme "We are happy children". At the ceremony, children's favorite heroes came, played games, gave gifts, sang songs, danced and entertained the students. Vacationers told about the interesting past of today and shared their impressions. In the summer health camp, a plan is created for the safety of each child and to spend their days effectively and cheerfully, and it is aimed at working creatively.






"Бала құқығы - адам құқығы" дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай 8-11 сынып қыздарымен "Бәрі сенің қолыңда"  тақырыбында қыздар жиналысы өтті. Психоанализ бағытындағы кәсіби психолог, "Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу", "Ерекше балалармен жұмыс" жобаларының координаторы Таубакулова Назигуль Абылхасқызы кездесу қонағы болып, қыздарға акыл-кеңесін берді. "Мен барлығын жеңемін бейнесюжеті көрсетіліп, қыздарға эссе жазуға тапсырма берілді.




"Бала құқығы - адам құқығы" дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай 1-4 сыныптар арасындағы ата-аналар жиналысында " Бала тәрбиесіндегі ата-ананың құқықтық жауапкершілігі" тақырыбы қозғалып, ата-аналармен пікір алмасу,  ойын, баяндама , сұрақ-жауап сияқты әдістермен жұмыс жүргізілді.



Бракераж комиссиясының жұмыс барысы