Психологиялық қызмет
Мектептегі психологиялық қызмет
Мақсаттар: Мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығын сақтай отырып, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттер: Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру. Психологиялық мәселелерді шешуде және тәрбие үрдісіндегі қолайлы әдістерді таңдауда ата-аналар мен педагогтарға кеңес беру.
Психологтың ТЭЖ тақырыбы: «Оқушылардың 21 ғасыр дағдыларын дамыту үшін жаңа технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануға психологиялық тұрғыда ықпал ету».
Жұмыстың бағыты:
- диагностикалық жұмыс;
- коррекционды-дамыту іс-әрекеті;
- профилактикалық жұмыс;
- консультациялық жұмыс:
Қарапайым 5 ережені есіңізге сақтап алыңыз
1. Өз жүрегіңді жек көрушіліктен арылту – ренжіген адамыңыздың бәрін кешіріңіз.
2. Жүрегіңді қобалжудан арылту – оның көпшілігі пайдасы жоқ.
3. Қарапайым өмір сүріңіз, қолдағы барды қадірлеңіз.
4. Көбірек беріңіз
5. Азырақ күтіңіз
1,5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢІ
Посмотреть онлайн файл: adaptacija_1-klass_kaz.pdf
Посмотреть онлайн файл: bulling-zhadynama.pdf
Буллинг және кибербуллингтің алдын алу
Посмотреть онлайн файл: bulling-zhne-kiberbullingt-aldyn-alu.pdf
Посмотреть онлайн файл: balany-bekteu.pdf
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Қалай десек те, ересек дам өмірінің үштен бірі жұмыста өтеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық дағдарыс пен сәйкессіздіктен шаршап, азапқа түсу – түспеуіңіз өмірлік тәжірибе жинамай тұрып, не істеу қажет екендігін шешкен таңдауыңызға байланысты. Талапкер үшін мамандық таңдаулың жеті басты қадамын ұсынуды жөн көрдік.
Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылғаната-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулерүйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам:
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам:
Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам:
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Програмист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтпай. Ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
Бесінші қадам:
Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызғақай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:
Мамандар не дейді?
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
Жетінші қадам:
Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңыздыекіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Сәттілікке қалай қол жеткізуге болады.
Сәтті өмір сүргісі келетіндерге
психологтың кеңесі.
·Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды мойындаңыз, өз мақсаттарыңызды осыған сай құрыңыз.
·Өзіңізге не бағалы екенін шешіңіз, сіз неге сенесіз, өзіңіздің өміріңізді қалай көргіңіз келеді.
·Өткенге талдау жасай отырып, өзіңізді осы жағдайға не әкелгенін ойлаңыз. Өзіңізге зияны тиген және көмектеспеген адамдарды түсіне білуге және кешіруге тырысыңыз.
·Өзіңіздің өткен қателеріңізді, шатасуларыңызды кешіре біліңіз. Ауыр еске түсірулерден қандай да бір пайда көргеннен кейін, естегілерді ойдан шығарып, оларға қайта оралмаңыз.Өткен істер, оларды естен шығарып тастағанға дейін, сіздің ойыңызда өмір сүреді. Одан да ойыңызда біраз да болса сәттіліктеріңізге деген орын босатыңыз.
·Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатынын ұмытпаңыз. Бұндай көзқарас сізге адамдарға төзімділікпен қарауға және қорлық көрсеткен жағдайда неғұрлым кең пейілмен шыдамдылық көрсете білуге мүмкіндік береді.
·Өзіңіз жайлы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз белгілерді тиісті қылудан аулақ болыңыз.Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
·Егер сіздің әрекеттеріңіз сындарлы сынға түссе – мұны өз игілігіңізге тиімді пайдаланыңыз, бірақ басқаларға өзіңізді жеке тұлға ретінде сынауға жол бермеңіз.
·Өзіңізге сергуге мүмкіндік беріңіз, өз ойларыңызды тыңдап, өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз. Осылайша сіз өзіңізді түсіне аласыз.
·Қарым-қатынастан тәжрібие алыңыз. Адамдардан алатын күш-қуатты, қарым-қатынасты қанағат тұтыңыз. Өзгелер де қорқыныш және сенімсіздік сезінуі мүмкін екендігін түсініп, осы адамдарға көмектесуге тырысыңыз.
·Өзіңіздің алдағы мақсаттарыңызды таңдаңыз. Мақсатқа жету үшін қандай әдіс-тәсілдер қажет екендігін салмақты түрде өлшеп, ақылға салыңыз.Өзіңіздің әрбір сәтті қадамыңызды назарсыз қалдырмаңыз және өзіңізді мақтай отырып, көңіл көтеруіңізді ұмытпаңыз. Қарапайым болмаудан жасқанбаңыз.
Есіңізде үнемі төмендегі қағиданы сақтаңыз:
«Сіз жеке тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді жасаушысыз!»