«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Білім беру ұйымдарында «Жас Ұлан» бірыңғай
балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының
қызметін ұйымдастыру жөнінде
мектеп педагог-ұйымдастырушыларға арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі – балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына, отаншылдық және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне, еркін шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді.
«Жас Ұланның» негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімін жетілдіруді, мәдени қарым-қатынастарды терең сезінуді, адамгершілік қағидалары мен азаматтық жауапкершілікті түйсінуді, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен өресінің биік болуын көздейді.
Міндеттері:
- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
- танымдық жұмыстарды ынталандыру;
- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
-жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАНУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ
«Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.
Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау жылына 3 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
«Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.
«Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.
Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
«ЖАС ҰЛАН» МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
«Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:
- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;
- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;
- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);
- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;
- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;
«Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;
- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;
- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;
- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;
- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
«Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.
«Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.
Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
«ЖАС ҰЛАН» МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
«Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:
- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;
- «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;
- «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);
- «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;
- Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;
«Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
- «Жас Ұлан» Ережесін және басқару органдарының шешімін орындау;
- «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;
- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;
- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;
- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.
ҚҰРЫЛЫМЫ
«Жас Ұлан» негізі «Жас Ұланның» бастауыш ұйымы болып табылады.
МЕКТЕП ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰЙЫМ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бастауыш ұйым мектептің деңгейінде еріктілік негізінде құрылады.
«Жас Ұланның» бастауыш ұйымы «Жас Ұлан» мектеп комитеті болып табылады.
«Жас Ұлан» бастапқы ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп комитеті) «Жас Ұлан» мектеп комитетінің жалпы жиналысының шешімімен құрылады. Мектеп Комитетінің жалпы жиналыс шешімі, егер оған барлық сыныптардың көшбасшылары, ұйым бағыттарының жетекшілері қатысқанда ғана қабылданды деп есептеледі.
«Жас Ұлан» көшбасшысы – барлық деңгейде «Ұлан басшысы» деп аталады, ол 9-10 сынып оқушылары арасынан жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен бір оқу жылына сайланады.
Атқарушы орган – Мектеп комитетін атқарушы хатшы басқарады, оны (педагог, тәлімгер, ұйымдастырушы - әдіскер мектеп ұстаздары қатарынан) Мектеп комитетінің жалпы жиналысында «Жас Ұлан» аудандық кеңесі және мектеп әкімшілігінің келісуі бойынша бекітеді.
АУДАНДЫҚ/ҚАЛАЛЫҚДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰЙЫМ ҚҰРЫЛЫМЫ
Аудандық/Қалалық атқарушы хатшыны аудандық/қалалық Кеңестің шешімімен Аудандық/қалалық білім басқармасы және Облыстық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді. Аудандық/Қалалық Кеңес құрамына Мектеп комитеттерінің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.
ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰЙЫМ ҚҰРЫЛЫМЫ
Облыстық атқарушы хатшыны облыстық Кеңестің шешімімен облыстық білім басқармасы және Республикалық Кеңестің келісімі бойынша бекітеді.
Облыстық Кеңес құрамына Аудандық/Қалалық Кеңестердің атқарушы хатшылары және «Ұлан Басшылары» кіреді.
«ЖАС ҰЛАН» қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны
Санасына ұлттық құндылықтар сіңген, білімді де тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру үшін жан-жақты барлық саланы қамтитын бағыттар ұйымдастыру керек:
«Зерде» бағыты бойынша –«жасұландықтардың» интеллектуалдық мәдениетін, ойлау қабілетінің белсенділігін, ақыл-ой деңгейін және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға, туындаған мәселелерді шешу, жоспар құру және өзіндік өмірлік іс-әрекеттеріңді басқаруға, бүгінгі жаңа ғылыми дүниетанымды иегеруіне, балалардың интеллектуалдық ойындарға, дебаттарға, олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға және зерттеу жұмыстарына қатысуына әсер ететін бағыт.
«Руханият» бағыты бойынша –«жасұландықтардың» өзіндік және басқа халықтардың адамгершілік, этикалық, бейнелеу-эстетикалық негіздерін дамытуға және қалыптастыруға, өз түсініктеріңді басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен біріктіруге, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруға, қоғамның қазіргі құрылымын түсінуге және осы қоғамда әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар және әлеуметтік бағыттар негізінде қызмет етуге мүмкіндік беретін бағыт.
«Атамекен» бағыты бойынша –«жасұландықтардың» санасында қазақстандық танымның және мәдени түсініктің қалыптасуына, азаматтық парыздың орындалуына, толеранттылық пен патриоттық, отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттің және туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт.
«Салауат» бағыты бойынша –«жасұландықтардың» салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттық, туристік, экспедициялық және өлкетанушылық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға әсер ететін бағыт.
«Еңбек» бағыты бойынша –«жасұландықтардың»бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық екендігін түсіндіретін,олардың мамандандырылған бейініне әсер ететін, «бизнес-инкубаторлар» мен балалар кәсіпорындарын құру арқылы кәсіптік білім беретін, кәсіпкерлік, экономикалық және құқықтық біліктіліктерін қалыптастыратын бағыт.
«Жеті жарғы» бағыты бойынша –«жасұландықтардың» тұлғалық, әлеуметтік, құқықтық біліктіліктерін, азаматтық белсенділіктерін және саяси сауаттылығын, өз міндеттерін орындау және өз құқығын қорғай білу қабілеттерін қалыптастыратын, тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын дамытатын бағыт.
«Экоәлем» бағыты бойынша –«жасұландықтардың» материалдық құндылықтарды сақтауға байланысты қоршаған ортаға дұрыс қатынас орнату және табиғат қорларын тиімді пайдалануға бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыратын бағыт.
(Аталған 7 бағыт бойынша «жас ұландық» құрылымның деңгейлік көрсеткіштеріне сәйкес мектепішілік клубтар құру көзделеді).
Осы бағыттар мен мұнда айқындалған түсініктерді қолдану арқылы әрбір баланың бойындағы өнері мен көшбасшылық қасиеттерін ашуға жәрдемдесуіміз керек. Егер олар өздері қалыптастыра білген болашақпен өмір сүретіндерін түсінсе, сонда ғана біз Елбасы айтқан «Алтын ғасырдың» қалыптасуына өз үлесімізді қоса аламыз.
«Жас Ұлан» қызметінің негізгі бағыттары мен мазмұны жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі кестелік нұсқаулық
Бағыттар | «Зерде» бағыты | «Руханият» бағыты | «Атамекен» бағыты | «Салауат» бағыты | «Еңбек» бағыты | «Жеті жарғы» бағыты | «Экоәлем» бағыты |
Құрылымдық деңгей | |||||||
1-4 сынып |
| Қазақтың ежелгі аңыз-әфсаналарындағы жағымды кейіпкерлерді таныстыру арқылы тәрбиелі, болуға, ата-ананы, үлкенді сыйлауға, иманды болып өсуіне ықпал ететін оқу-әдістемелік шаралар кешені | Бұл деңгейдегі оқушыларды өзінің туған жерін, ауылын, аймағына деген құрмет және сүйіспеншілік сезімін оятатын шараларды ұйымдастырған абзал | Бұл деңгейдегі оқушыларды тазалыққа баулитын тәрбиелік шараларды ұйымдастырған жөн | Еңбек туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру шаралары | Ненің жаман, ненің жақсы екенін ажыратуға баулитын оқу-әдістемелік, тәрбиелеу құралдарын жасақтау және енгізу қажет | Табиғат және оның адамға берер пайдалары туралы алғашқы түсінікті қалыптастыратын шаралар |
5-8 сынып |
| Өзін-өзу тану бағытында шаралар ұйымдастыру, қазақ ұлтының рухани көсемдерінің өмірбаяны мен еңбектерімен таныстыру | Өз ауылын, ауданын, қаласын сүюге бағытталған шаралар бағдарламасын түзу | Спортқа, салауатты өмір сүру салтына баулитын шаралар кешенін түзу | Еңбекке баулитын еңбек үйірмелерін құру арқылы оқушыларды жаңа өнім шығаруға, сол арқылы әрі өнертапқыштыққа әрі өндіріс туралы түсінікті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік құралдар кешенін түзу | Заңнамалар туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру кешені | Табиғаттың тылсым құпиялары, ғылыми түсініктерді санаға сіңіру бағытындағы шаралар кешені |
9-11 (12) сынып | Жаңа технологиялар, әлемдегі ғылыми жетістіктер, жаңа трендтер туралы ақпарат беру | Әлемдік және ұлттық философияның жетістіктері мен таныстыру. Өмірлік тәжірибесі мол адамдармен кездесу өткізу секілді шаралар кешенін түзу | Отаншылдық, ұлтты сүю сезімдерін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін түзу | Спорт, тазалық, салауатты өмір сүру салтын насихаттайтын, жыныстық тәрбие берудің алғашқы ұғымдарын қамтитын оқу-әдістемелік, тәрбие беру кешенін жасақтау | Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін дамытуға, ғылыми жобаларға, өнер мен өзге де пайдалы ізденістерді, ізгі талпыныстарын қолдау және оларды іске асыру кешенін түзу | Ата Заң, Мемлекеттік Тіл туралы, Қазақстанның территориялық- әкімшілік бөлінісі туралы және өзге де стратегиялық нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру кешенін жасақтау | Қазақстан мен әлемдегі экологиялық мәселелер мен оларды болдырмау, туған жерді, оның табиғи байлығын сақтауға тәрбиелейтін тәрбие құралдар кешенін түзу |
«Жас Ұлан» ұйымы құрылымының деңгейлік сипаттамасы:
«Жас Ұлан ұйымының ең жоғарғы басқару органы – 2 жылда кемінде бір рет өткізілетін Республикалық Құрылтай болып табылады.
Басқару органында Республикалық деңгейде жетекшілер атынан Кеңес төрағасы (ересек адам) және жасұландықтардан 16 Ұланбасы (республикалық деңгейде бір ұланбасы тағайындалMayды, 16 өңірден келген 16 ұланбасы бірдей құқыққа ие) басшылық етеді.
Атқарушы орган – 16 өңірлік Ұланбасы мен жетекшілер құрайтын Республикалық Кеңес.
Аймақ бойынша жасұландықтарды Аймақтық (облыстар, Астана және Алматы қ.қ.) кеңес пен аймақтың Ұланбасы басқарады. Оларға сол аймақтың «Жас Ұлан» ұйымы жетекшісі (ересек адам) жетекшілік етеді.
Олар:
а) 1-4 сынып оқушыларын қамтитын алғашқы ұйымдық құрылым;
ә) 5-8 сынып оқушыларын қамтитын ортабуындық ұйымдық құрылым;
б) 9-11 (12) сынып оқушыларын қамтитын жоғарғы ұйымдық құрылым.
«Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.
«ЖАС ҰЛАН» МЕКТЕП КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
«Жас Ұлан» мектеп комитеті (бұдан әрі – Комитет) – оқушылардың бірлесе басқару жүйесінің жоғарғы органы.
Комитет «Жас Ұлан» РББЖҰ мен мектеп әкімшілігі алдында жауапты.
Мектептің барлық оқушылық құрылымдарына Ұйымның шешімдері міндетті болып табылады.
Ұйымды оқушылар арасынан сайланған Ұйымның Ұланбасы басқарады.
Ұйым өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде, «ҚР жоғарғы білім туралы» заңымен, «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңымен, «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ шешімдерімен, бұйрықтарымен, өкімдерімен, ережелерімен және қазіргі Жарғымен басшылық етеді.
Ұйымның өзінің мөрі, логотипі, мүшелік куәлігі, бланк және басқа да реквизиттері, сонымен қатар өзінің сенім пошталары бар.
МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау;
Оқушылардың азаматтық ұстанымын, қоғамның қазіргі уақыттағы өзекті проблемаларын шешуге белсенді қатысуын ұйымдастыру;
Мектеп оқушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
ØОқушылардың мектептегі оқу-тәрбие процесін дамытуға белсенді қатысу;
ØОқушылар арасында Қазақстандық отансүйгіштікті, Қазақстан халықтары бірлігі идеясын насихаттау;
ØОқушылардың әлеуметтік-құқықтық мәселелерін шешуге қатысу;
ØМектеп оқушыларының шығармашылық және басқару қабілеттерін дамытуды оқушылардың бірлесе басқару ұйымына қатысу арқылы жүзеге асыру;
ØОқу ордасын үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, мектептегі өмірінің дәстүрін қалыптастыру;
ØОсы Жарғының сақталуын қадағалау;
ØОқушылар арасында республика көлемінде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылау жұмыстарын жүргізу, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның дамуында белсенді ұстанымға тәрбиелеу;
ØМектеп оқушыларының әлеуметтік, экономикалық, мәдени мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру;
ØОқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және олардың ғылыми қабілетін дамытуға атсалысу;
ØТалантты оқушыларды марапаттауға ұсыныс жасау;
ØОқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
ØОқушылардың бос уақытын мазмұнды, тиімді өткізуін ұйымдастыру;
ØБілім беру мекемесі оқушыларының бірлесе басқару органының, құрылымдық бөлімдерінің қызметіне басшылық ету. (топбасы, бөлім басы және т.б.);
ØБасқа мектептермен, жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарымен байланысты нығайту.
Ø
КОМИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН АТҚАРЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Комитет құрамы Ұланбасыдан, Ұланбасы орынбасарларынан, Бөлімбасылардан, Старосталардан және өзге де құрылымдық бөлімшелерден тұрады.
Ұйымның Ұланбасы
Осы лауазымға берген оқушылардың өтініші және қажетті құжаттарын ұсына отырып мектеп Ұланбасын сайлауға қатысады. Ұланбасы жалпы мектепішілік ашық дауыс беру арқылы сайланады;
Ұланбасы мектеп оқушыларының алдында және «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ алдында жоспарға сай есеп береді;
Ұланбасы ұйымды 1 жыл уақыт аралығында басқарады. Басқару уақытын ұзарту, оның жұмысының сапасымен және нәтижесімен бағаланады.
Ұланбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:
Барлық міндеттер мен бағыттардың орындалуын қадағалау;
«Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ берген тапсырмаларын орындауын іске асыру;
Оқушылардың ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына қарамастан тең құқығын қорғау;
Мектеп оқушылары атынан жиналыстарға қатысу;
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс істеуін қадағалау;
Бөлімбасылары мен Старосталардың есебін тыңдау және бекіту;;
Белсенді оқушыларды мадақтауға ұсыныстар енгізу;
Жоспарлауға және мектеп педагогикалық кеңестеріне қатысу.
Комитеттің үлгі бөлімдері
Мәдени-тәрбиелік бөлімі;
СӨС бөлімі;
Сыртқы істер бөлімі;
Information бөлімі;
Ғылыми бөлім.
Ұйымның Бөлімбасылары
Бөлімбасылары құрамына үміткерлерді Ұйымның Ұланбасы мектеп кеңесінің жиналысында ұсынады. Кеңес мүшелері ашық сайлау арқылы Бөлімбасыларды таңдайды.
Бөлімбасылар аптасында бір рет Ұланбасы алдында есеп береді;
Бөлімбасыар 1 жыл уақытқа тағайындалады. Басқару уақытын ұзарту, оның жұмысының сапасымен және нәтижесімен бағаланады;
Мәдени-тәрбиелік Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:
Мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыру;
Концерттік бағдарламалар, байқаулар ұйымдастыру;
Волонтерлар тобынның жұмысын белсендіру;
Халықаралық және республикалық конкурстарға қатысатын оқушыларға көмек көрсету (жанкүйерлер, ақпарат және т.б.).
Салауатты өмір салтын насихаттау Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында әр түрлі акциялар мен конкурстар өткізу;
Спорттық шаралар ұйымдастыру;
Халықаралық және республикалық спорт конкурстарына қатысатын оқушыларға көмек көрсету (жанкүйерлер, ақпарат және т.б.).О
Оқушылардың спорттық жетістіктерімен хабардар болу;
Мектепте салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде ұсыныстар енгізу.
Сыртқы істер Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:
Қалалық және республикалық ұйымдармен байланыс орнату бағытында жұмыс жасау;
Жасөспірімдер өзін өзі басқару органдарының басқа мектептердегі ұйымдарымен байланысты нығайту;
•Қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру;
•Мектеп шараларында хаттама мен бағдарламаның орындалуын қадағалау.
Informationтық Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:
•Мектептегі БАҚ-ты (газет, радио және web-сайт) оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымының жұмыстары туралы мәліметтермен үнемі қамтамасыз ету;
•Аталмыш құрылым туралы БАҚ-та жарияланған деректерді жинап отыру;
•Жергілікті және республикалық БАҚ-ты мектеп оқушыларының жетістіктері мен жаңалықтары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету;
•Жас журналистер мен қаламгерлердің шығармашылығының БАҚ-та жариялануына ықпал ету;
•Мектепте қабырға газеттерін жасап отыру;
•www.zhasulan.kz сайты мен оқушыларға арналған әлеуметтік желісін алға тарту;
•Жас журналистер мен қаламгерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру бағытындағы түрлі іс-шаралар өткізіп отыру.
Ғылыми Бөлімбасының атқаратын міндеттері мен функциялары:
•Мектеп қабырғасында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруды жетілдiру және олардың бәсекеге қабiлеттілігін арттыру;
•Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және қатысу;
•Халықаралық, республикалық оқушылардың ғылыми конференцияларын, симпозиумдары мен жиналыстарын өткізуді ұйымдастыруға қатысу;
•Оқушыларды ғылыми жаңалықтардан хабардар етіп отыру;
•Республикалық, халықаралық конкурстарға қатысу, жобаларды жүзеге асыру.
Сынып Старостасы
- Комитет шешімдері мен тапсырмаларын сынып деңгейінде жүзеге асырады;
- Осы Ереже мен Комитет шешімдерін өзінің қызметіне басшылыққа алады.
- Староста сынып оқушыларының арасында сайланады.
- Староста Ұланбасы және Бөлімбасылар алдында жоспарға сай есеп береді.
Старостаның атқаратын міндеттері мен функциялары:
•Староста өзінің жұмысын жүзеге асыруда жауапты болады;
•Сыныптың ішкі тәртібі мен осы Ереженің қолданылуын қамтамасыз ету;
•Комитетті оқу және әлеуметтік-тәрбие аумағында туындаған мәселелермен хабардар ету;
•Комитеттің тәртібі мен заңдарының сақталуына жауап береді;
•Белгіленген тәртіп бойынша сынып оқушыларына байланысты жиналыстар мен кеңестерге қатысу;
•Басқа сыныптың Старосталармен біріге отырып оқушылар мәселелері жайлы жоспарлар құру;
•Белсенді оқушыларды марапаттауға ұсыну.
•ҰЙЫМҒА МҮШЕЛІК
Ережеге сәйкес, бірлесе басқару ұйымының барлық қатысушы оқушылары Комитет мүшесі бола алады.
Егер Комитет мүшесі өрескел түрде осы Ереженің талаптарын бірнеше рет бұзған жағдайда Комитет мүшелігінен шығарылады.
Комитет мүшелері құқылы:
Комитеттің Кеңейтілген жиналыстарында ұсыныстар мен сұрақтарды талқылау;
Құрылымдық бөлімдер жиналыстарына қатысу;
Бөлімбасылар алдында сұрақ қоюға, оларға өтініш жазуға, ұсыныстар енгізуге және жауап талап ету;
Комитет мүшелерінің жұмысы туралы ақпаратты білу;
Ұйымның барлық мерекелік іс-шараларына қатысу;
Комитет мүшелерінің міндеттері:
ØОсы Ережені сақтау;
ØКомитет жұмысына белсенді қатысып, қабылданған шешімдер мен қойылған талаптарды орындау;
ØКомитет беделін арттыру, оның қызметінің дамуына қатысу, Мектеп мәртебесінің артуына көмектесу, жасұландық дәрежесін биік ұстау;
ØКомитеттің және Ұланбасының шешімдерін орындау және құрылымдық бөлімдермен үнемі байланыста болу;
ØКомитет қатарына жаңа белсенді оқушыларды тарту;
ØКомитеттің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау және қорғау.
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің
КОДЕКСІ
(«Жасұландықтардың» мінез – құлық, оқу мен тәртіп этикасының қағидалары)
Жалпы ережелер
1 ) «Жасұландық» ұйым мүшесі болу мемлекет пен ұстаздар тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады.
«Жас Ұлан» мүшесінің оқу, тәрбие, тәртіп, қоғамдық жұмыстарға араласуына жоғары талаптар қойылады және оған үлкен сенім білдіреді.
2 ) «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі ұйымға қабылданғаннан кейін бір ай ішінде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы керек және тәлімгерлер мен жетекшілер, Ұланбасылар тарапынан ауызша түрде де түсіндірілуі шарт.
«Жас Ұлан» ұйымы мүшесінің мінез – құлық, оқу мен тәртібінің жалпы қағидалары
«Жас Ұлан» ұйымының мүшесі:
1 . Өз үйінде:
1.1 Отбасылық құндылықтарды сақтауға және ата – баба дәстүрін құрметтеуге.
1.2 Ата – анасын сыйлауға және ата - анасының рұқсатымен іс – әрекет етуге;
1.3 Бірге туған бауырларын қадірлеуге және олармен санасуға;
1.4 Сабақтан тыс және бос уақытын отбасы тәртібіне сәйкес тиімді пайдалануға тиісті.
2. Мектепте:
2.1 Мектеп ережелеріне сәйкес іс – әрекет етуге;
2.2 Білімін үнемі жетілдіруге және оны тиімді пайдалануға;
2.3 Жалпы мектепішілік тәртіп нормаларын сақтауға;
2.4 Ұстаздарын құрметтеуге және оларды үмітін ақтауға;
2.5 Сыныптастары және «жасұландық» ұйымының өзге де мүшелерімен достық қарым – қатынас орнатуға;
2.6 Мәдениетті, сыпайы, адал, кішіпейіл болуға және өтірік айтпауға;
2.7 Өзіне сеніп тапсырылған ұйымның мүлкін (киім, төсбелгі) күтіп ұстауға;
2.8 Зиянды және жағымсыз әдеттер мен іс – әрекеттерден аулақ болуға және сабақ уақытында сыртта жүрмеуге;
2.9 Интеллектуалдық, шығармашылық, мәдени, спорттық жарыстарға қатысуға және өз тәжірибесімен бөлісуге тиісті.
3. Қоғамдық ортада:
3.1 Мемлекет тарапынан бекітілген қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға;
3.2 Театр, кинотеатр, демалыс орындары (парк, жүзу бассейіні, спортпен шұғылдану алаңдары), қоғамдық көлік, клубтар мен үйірмелерде (білімін және қабілетін жетілдіру орталықтары) және көшеде сол орындардың бекітілген ережелерін сақтауға жәнне «Жас Ұландық» мәртебелі беделіне нұқсан келтірмеуге;
3.3 Әрқашан көмекке мұқтаж жандарға (ата – әжелер мен кішкентай балаларға) қол ұшын созуға;
3.4 Бейтаныс және күдікті адамдармен (ұйымдар және орталармен де) қарым – қатынас жасамауға;
3.5 Өзгенің жоғалған мүлкін тауып алған жағдайда оны мектеп әкімшілігіне немесе тәртіп сақшыларына тапсыруға;
3.6 Жол жүру ережелерін қатаң сақтауға тиісті.
«Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің салтанатты уәдесі
Біз, Жас Ұландар,
Ұлы Қазақ елінің ар – намысты ұрпағымыз!
Бабалар дәстүрін құрметтеуге,
Государственные символыді дәріптеуге;
Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды
мақтаныш етуге уәде береміз.
Ата – анамызды қадірлеп:
Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетеміз.
Оқуда озат, еңбекте адал болып;
Салауатты өмір салтын ұстанамыз.
Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты,
отансүйгіш азаматы боламыз деп сендіреміз!
Берілген уәде «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанатты жиынында міндетті түрде айтылуы тиіс. Жасұландықтар бұл антты жатқа білуі керек.
МЕКТЕП ҰЙЫМЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР ТӘРТІБІ
• Ұйымның ережелері,шаралар ережелері/ Негізгі құжаттар (Жиынтық папка)
• Жылдық жоспарлар (2016-2021 ж.ж. аралығындағы)
• Кіріс/шығыс папкалары
• Хаттамалар жинағы (Ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы, мектеп комитеті мүшелерінің отырысы)
•Атқарушы хатшы/ Ұланбасы мәліметі (Атқарушы хатшы ретінде тағайындалған бұйрық хат басшылықтан )
• Мектеп комитетінің 5 бөлімінің әрқайсысына жұмыс папкалары төмендегі ретпен жүргізіледі:
•Бөлімнің негізгі құжаттар папкасы (Бөлім мүшелерінің құрамын бекіту туралы мектеп комитеті отырысының хаттамасы, бөлім мүшелері туралы деректер кестесі).
Бөлім мүшелері туралы деректер кестесінің үлгісі:
Р/с | Аты - жөні | Сыныбы | Бөлімдегі атқаратын қызметі |
1 | Бөлім басшысы | ||
2 | Бөлім ұйымдастырушысы | ||
3 | Informationтық жетекші |
•Бөлімнің жұмыс жоспары, бөлім отырысының хаттары
•2020-2021 ж.ж. аралығындағы ұйымға қабылданған балалар туралы деректер базасы (мамыр, желтоқсан айларына, жылдық қорытынды есеп)
• Мектеп ұйымы бойынша өткізілген іс – шаралардың шығармашылық есебі
•Мектеп бойынша Жас Ұланға қабылданған балаларды тіркеу журналы:
•Мектеп бойынша Жас Қыранға қабылданған балаларды тіркеу журналы:
Р/с | Сыныбы | Аты, тегі, әкесінің аты | Қабылданған уақыты | Шыққаны немесе басқа мектепке ауысқаны туралы деректер (ауысқан мектебі, уақыты көрсетілуі тиіс) |
Жас Ұлан Жас Қыран | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 10б | Жансерікұлы Ғизат | 14.12. 2020ж. | - |
2 | 10б | Ақылбай Ақзер | 14.12.2020ж. | - |
Р/с | Сыныбы | Аты, тегі, әкесінің аты | Қабылданған уақыты | Шыққаны немесе басқа мектепке ауысқаны туралы деректер (ауысқан мектебі, уақыты көрсетілуі тиіс) |
Жас Ұлан Жас Қыран | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 2а | Аман Ақнұр | 14.12. 2020ж. | - |
ЕСКЕРТУ:
9,10 пункттерде көрсетілген кестелерді толтыру кезінде ескерілуі тиіс:
-Жас Ұлан/Жас Қыран қатарына қабылданғандығы туралы мәліметтер төменнен жоғарыға әр сыныптан ұйымға мүше балалар саны жыл сайын қорытындыланып, астын қызыл сызықпен сызып, сыныптағы жалпы оқушы саны, басқа мектепке ауысқан оқушы немесе мектеп бітіруші сынып болса., жас ұландық бітірушілер саны жеке - жеке көрсетіліп, қорытындылануы тиіс.
Мысалы:Сыныптағы оқушы саны -18, Жас Ұландықтар -18, Басқа мектепке ауысқаны-1, 2020-2021оқу жылы есебі бойынша сыныптан ұйымға мүше оқушылар саны -17 (18 -1=17)
•Ұйым мүшелерінің есебін жүргізу журналы:
Р/с | Облыс, аудан, қала атауы | Жалпы оқушылар саны | Мектеп атауы | Мектептегі жалпы оушылар саны | 2018 жылға дейін қабылданғандар саны | 2020 жылы ұйымға қабылданған балалар саны | Мектеп бітіруші ұйым мүшелерінің саны | Шыққаны немесе басқа мектепке ауысқаны туралы деректер (ауысқан мектебі, уақыты көрсетілуі тиіс) | Есеп беру кезіндегі ұйым мүшелерінің саны | ||
Жас Ұлан | Жас Қыран | Жалпы саны | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ұйым мүшелерінің есебін жүргізу журналын толтыру тәртібі:
1.Есеп журналын толтыруды тәлімгердің тікелей бақылауымен сынып және мектеп
Ұланбасылары жүргізеді;
2.Журнал қатталған, беті нөмірленген болуы тиіс;
3.Әр оқу жылы басында қыркүйек айының 10-на дейін мектеп/аудан бойынша төмендегі тәртіппен журнал есебі қорытындыланып, жоғарғы құрылымдарға есеп тапсырылады:
-Мектептегі жалпы оқушы саны- ;
-Жас Ұландықтар - ;
-Басқа мектепке ауысқаны (ЖҰ)- ;
-Жас Қырандықтар – ;
-Басқа мектепке ауысқаны(ЖҚ) – ;
-Мектеп бітіруші – ;
2019-2020 оқу жылы есебі бойынша мектептен ұйымға мүше оқушылар саны -
( __ жасұлан, ____ жас қыран), жалпы ұйымға қамтылуы ____%
(Бұл жолдарды журналға асты қызыл сызықпен сызылып жазылады)
А Н Т
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Государственные символыді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге,біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
и