17
октябрь
2024
«Еңбегі адал –жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» жәрмеңкесі

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№45 орта бейіндік мектебі" кмм-де
«Еңбегі адал –жас өрен» жобасы аясында 2-11-сыныптар арасында «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті. Мақсаты: Білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу болды. Жәрмеңкеміздің ашылуында мектебіміздің директоры А.Е.Серикбаева және ата-аналар комитетінің төрайымы А.М.Касымханова ақ тілектерін айтып, ата-аналар мен оқушыларға сәттілік тіледі. Оқушылар үлкен қызығушылықпен сауда-саттық жасады. Қолдап келген барлық ата-аналарға мектеп ұжымы атынан алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DALP8g9qwvV/?igsh=MWg1enduanV1dnczZA==