мектеп туралы » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2017

мектеп туралы

Мектеп - білім бесігі


«№ 45 бейімделген орта мектебі» Мемлекеттік мекемесі 1976 жылы салынған Өскемен қаласы, Сатпаев даңғылы 3/1 ғимаратында орналасқан.Өскемен қаласының білім беру және спорт бөлімінің №455-Ө, 15. 09. 2005 жылғы бұйрығымен 2005-2006 оқу жылында мемлекеттік жалпы білімді қазақ тілінде беретін мектеп болып қайта құрылып, №44 қазақ орта мектеп-лицейінен 550 оқушы мен 34 мұғалімнің бөлініп келуімен 2005 жылғы 1- қыркүйек күні ашылды.

  

Мектептің алғашқы ашылу сәтінен

Алғашқы қоңырау соғу салтанаты

 

 

25 тамыз 2005 жылдан қалалық білім беру бөлімінің №197 – П бұйрығымен зиялы, зерделі, адал, түсінерлігі мол, беделді, терең ойлы, әдепті, кез-келген ортамен қарым-қатынасқа түсе білетін, қызығушылығы жоғары, іс-әрекетке деген позитивтік көзқарасы бар, шешімді тез қабылдайтын, әзілқой,басқаны тыңдай алатын, энтузиаст, бүгінгі таңдағы менеджердің барлық қасиетін бойына сіңірген Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлы мектеп директоры болып тағайындалды.

 

 

Оралхан Рақымжанұлының адам ресурстарын басқарудағы принциптері

·Тұлғаны құрметтеу.

·Жұмыс бастылыққа кепілдік беру.

·Қызмет сатысымен көтерілуге және қызметкердің өзін-өзі дамытуына мүмкіндік беру арқылы көшбасшылық қасиетін дамыту.

·Қызметкерлермен қарым – қатынаста әділетті болу, марапаттау жүйесін құрастыру.

·Қызметкерлердің сұраныстарын қабылдау және олардың жұмыстан күтілетін нәтижесінің болуына жағдай жасау.

·Жақсы жұмыс ортасын туғызу.

·Жұмыс бастылық шарттарының заңы мен нормативтерін бұлжытпай орындау.

·Ұйымның жұмыс істеудегі демократиялылығының болуы.

Мектеп нышандары

 

 

 

 
 
Серикбаева Алия Елгазыновна
Алия Елгазыновна ШҚО, Марқакөл ауданы, Горное ауылында 1971 жылы 09 маусымда дүниеге келген. 
1989 жылы Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математика және информатика факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы «математика, информатика және есептеуіш техника» пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
1994-2002 жылдары Өскемен қаласы №43 орта мектепте, 2002-2004 жылдары №1 орта мектепте, 2004-2005 жылдары №44 мектеп-лицейінде информатика пәні мұғалімі, 2005 жылдан бастап Өскемен қаласы №45 бейімделген орта мектебінде қызмет атқарды. Соның ішінде: 2008-2011 жылы директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары, 2011 жылдан бастап директордың оқу ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарып келді және де педагог-зерттеуші дәрежесінде информатика пәнінен сабақ береді. Еңбек өтілі 23 жыл. Білім саласына өзіндік үлесін қосып жүрген ұлағатты ұстаз. 
Оқу ісі меңгерушісі ретінде мектептің білім сапасын көтеруге көп көңіл бөлді. Жоспарлы атқарылған іс-шаралардың аясында мектептің білім сапасы 2016-17 о.ж – 65,5%, 2017-18 о.ж. – 66,3%, 2018-19 о.ж. – 69,5%. Соңғы үш (2016-2019) оқу жылында мектеп түлектерінен 12 «Алтын белгі», 3 «Үздік» аттестат иегерлері атанды.
Өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында қала мектептерінің директорлары мен оқу ісі меңгерушілеріне арналған «Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындаудағы тиімді әдіс-тәсілдер» (2016 ж), «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының оқу ісі меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы» курсының курсанттарына «Мектепішілік бақылау – білім сапасын көтерудің бір жолы» (2016 ж) тақырыбында ұйымдастырылған семинарлар әріптестері тарапынан жоғары бағаланды. 
Өзі де түрлі сайыстарға қатысып өз шеберлігін шындап отырады. 2015 жылы Алматы қаласында «Мектеп оқушыларын PISA Халықаралық зерттеулеріне дайындау» атты жобасы үздік деп танылып «Өрлеу» БАҰА АҚ-ның Құрмет грамотасымен, 2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған «Информатика» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен, «Үздік сабақ жоспары» шығармашылық конкурста ІІІ дәрежелі дипломмен, «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» атты байқауына ұсынған жұмыстары «үздік» деп танылып, дипломмен және «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісімен және де нәтижелі жұмысы үшін Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 
 «Жаңартылған білім беру аясында информатика сабағында оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбындағы баяндасы «Ғылым және білім-2017» ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясына ұсынылып, баяндамалар жинағына енгізілді. «Білім берудегі инновациялар» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Мектебі жақсы елдің ертеңі жақсы» атты мақаласы жарияланды. 
Оқу ісі меңгерушісі ретінде басшылық жасаған математика және физика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігі қалалық «Мектептегі әдістемелік бірлестік жұмысын ұйымдастырудың инновациялық моделі» байқауында 3 орын – 2015 ж., «Физика-математика бағытындағы үздік әдістемелік бірлестік» байқауында 3 орын – 2018 ж. иеленді.
«Ақпараттық технологиялар және оны мектепте оқыту мәселелері» атты информатика оқулығына әдістемелік көмекші құрал жасап, қалалық білім бөлімінің сараптама комиссиясымен бекітілді.
Жылма жыл қалалық оқу бөлімінде «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткерлердің құжаттарын тексеру комиссиясы құрамына қатысып келеді.
Өзінің теориялық-әдістемелік білімін саралап, кәсіби біліктілігін арттыру бойынша 2017 жылы «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» бойынша оқу курсын, 05.02.18 – 14.12.18 аралығында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Астана қаласында педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған мектеп басшыларының біліктілігін арттыру 9 айлық курсын аяқтады. 14.01.2020 жылдан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі» директоры болып тағайындалды.