электрондық үкімет порталы арқылы үйден шықпай құжаттар алу
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ҚАЛЫСПАЙЫҚ. Барлық мейірімді жандарды қайырымдылық шарасына белсене қатысуға шақырамыз.
Байланыс телефоны:
+7 777 541 27 45 ДТІЖО Аманбаева Айгерим Муратовна.

https://t.me/oqu_agartu/8293
https://t.me/oqu_agartu/8291
https://t.me/oqu_agartu/8290
https://t.me/oqu_agartu/8289


Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2022 жылғы 1 сәуірден бастап мектепке онлайн-өтініш бере алады
Құрметті ата-аналар!
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады. Білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүргізіледі.
Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.
Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттар тізбесін ұсынады:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (сәйкестендіру үшін қажет);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 063/у нысаны және № 026/у-3 нысаны «Бала денсаулығы паспорты»).
4) баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.
Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.
Www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы 1-сыныпқа қабылдау алгоритмі
- Www.egov.kz. сілтемесі бойынша электрондық үкімет сайтына өтіңіз.
- Порталға кіріңіз.
- «Білім беру» - «орта білім беру» - «білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) бөліміне өту.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» таңдаңыз.
- Қажетті өрістерді толтырыңыз.
- Сканерленген құжаттарды тіркеңіз.
- ЭЦҚ-ға қол қойыңыз.
