Балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі
31
январь
2024

Балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі

1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат


1 сәуірден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және қабылдау 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.

2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды;

Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар келесі құжаттарды ұсынумен қабылданады: 

  • мәлімдеме;
  • өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана);
  • «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады. 

Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:

  • микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған. (Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);
  • сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;
  •   білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.





ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша   білім  бөлімінің  "№45 орта бейіндік мектебі" КММ бойынша Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін     құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметі

Көрсетілетін мемлекеттік  қызметтің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау

Мемлекеттік қызмет көрсетуші

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары /ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша  білім  бөлімінің     "№45 орта бейіндік мектебі" КММ/

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар :

 баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

            

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген келу туралы есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.

Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім алушы келетін көрсетілетін қызметті беруші басқа білім беру ұйымына келу туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, оқу сыныбы, білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген есептен шығару талонын ұсынады.

Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді.

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін