Әдістемелік кеңес
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің
«№ 45 орта бейіндік мектебі» КММ
Тақырыбы: «ОЙ ТОЛҚЫМАСА, СӨЗ ШЫҚПАС» жас мамандармен өткізілген тренинг анализі
13.12.2020 жылы жас мамандармен мектебімізде «Ой толқымаса, сөз шықпас» атты тренинг өткізілді. Тренингкке тәлімгерлер мен тәлім алушылар және жас мамандар мектебінің жетекшісі Калиева Арайлым Сүйіндікқызы қатысты.
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Бірінші «Сәлемдеме хат» жаттығуымен бастадық.
Мақсаты: жағымды көңіл-күй, жас мамандардың ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін дамыту.
Мамандарға өз сәлемдемелерін жазып,үстел үстінде үлестіріп сол үлестірген хаттарды айналдырып оқып шықты. Мамандардың сезіміне, көңіл күйін көтеруіне әсерін тигізді. Жаттығу соңында қосымша сұрақтар қою арқылы Сәлемдеме жазу қиын болды ма?, Сіз сәлемдемені оқығанда өзіңіз қандай сезімде болдыңыз? –деген суалдар қойылып, толық жауап алынды.

Таныстық жаттығуы орындалды.
Қатысушылар екі-екіден бөлінді. Содан соң бұл жұптар жан-жаққа тарасып. Оларға 3-5 минут уақыт берілді. Осы уақыт ішінде жұптар бір-біріне өзі туралы, соның ішінде ең маңызды дегендерін айтады. Әркім өз тұлғалық қасиеттерін, соның ішінде оңды тұстарын алдыңғы орынға шығарғаны дұрыс. Жұптардың міндеті бір-бірін тыңдап, кейін әркім өз жұбын топқа таныстырды.
Рахмет, (бір-бірін арқадан қағып қоюға болады), міне біз таныс болдық, бір-бірімізге қарай алғашқы қадамдарымызды жасадық деп тапсырманы орындадық.
«Бақшада»аутотренингі өткізілді
Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру.
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
-Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты …
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!
Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашып. Өз әсерлерімен бөлісті.
1.Оптимист болыңыздар!
2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер;
3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа ссүйеңіз;
4. Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;
5. Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;
6. Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;
7. Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
8. Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау;
9. Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
10. Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
11. Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;
12. Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;
13. Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;
14. Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;
15.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;
16. Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
17. Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.
Тренинг соңында «Мен сыйлайтын гүл» жаттығуы орындалды
Жас мамандарға егер де бір шоқ гүлдеріңіз болса, оны кімге сыйлайтын едіңдер және де не үшін? деген сауал қоя отырып, өмірде оған маңызды адамдары туралы естеріне түсіріп, сол жөнінде ой қозғау ұсынылды. Жас мамандар ойын білдірген соң, талдау жасалды. Жаттығу соңында осы қатысып отырған адамдардың өздері де біреудің сый-құрметіне лайық адам болуларына тілектестік білдірді.
Әдістемелік жұмыстар:
ІІ.ТЭЖ-дің 2-кезеңі (2016-2019 оқу жылы) тәжірибелік қызмет көрсету, мектептің ішкі жұмысын жаңарту, бағдарламаны әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мақсатында«Педагог пен оқушының субъективті ұстанымдарын қалыптастырудағы заманауи білім беру технологияларының мүмкіндіктері» өзекті тақырыбы негізінде, педагогтердің АКТ-ны тиімді қолдану, деңгейлі курс бағдарламасының 7 модулін ықпалдастыру арқылы коучингтер, ашық сабақтар, шебер-сынып сағаттары ұйымдастырылып, мектептегі «Самғау» кәсіби қоғамдастықтың жұмысы жүргізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, өз бетімен шығармашылықпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға бағытталған жұмыстар жоспарланды. ТЭЖ бағдарламасының 2-кезеңінің жоспары жасалып, педагогикалық ұжыммен жұмыс жүргізді. ТЭЖ зерттеугеқолданылатын әдіс-тәсілдердің алынған жері (әдебиет, веб-сайты, электронды ресуртар…), «BilimLand», Ғылыми-әдістемелік орталық «ZIAT»,Өрлеу ұстаздар порталы gylym-bilim@mail.ru, «infourok.ru сайты, «КИО» республикалық олимпиада, «Копилка уроков» сайты т.б
Педагогтер мектептің өзекті тақырыбын жүзеге асыру барысында әсіресе, пән онкүндіктері барысында, «Мектептің даму жоспарына сай» педагогикалық, директор жанындағыжәне әдістемелік кеңестерде қарауға қойылған мәселелерді, коучингтер, шебер-сынып, ашық сабақтарды, сыныптан тыс шараларды шығармашылықпен, ізденімпаздықпен атқарды.
Әдістемелік кеңесте төмендегісұрақтар қарастырылып, ТЭЖ-дың 2-кезеңі бойынша тәжірибелік іс-шаралар жүргізілді.
Тәжірибе-эксперименталды жұмыстың «Педагогтер мен оқушылардың субъектілік көзқарасын қалыптастырудағы білім беру технологияларының мүмкіндіктері» бойынша жұмысты ұйымдастыруда «Педагогикалық технологиялар–оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқытудың тиімді жүйесі», «Мұғалімдердің кәсіби құзырлық деңгейін көтеру үшін АКТ-ны пайдалану», «Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми –зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру»,«Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»(Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер), «Білім сапасын арттыруда критериалдық бағалаудың тиімділігі», «ӘК жұмысының мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудегі рөлі», «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі»атты тақырыптарда әдістемелік кеңесте жүргізілген іс-шаралар мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесуге бағытталған іс-шаралар. ӘК-дағы мұғалімдердің кәсіби өсуі, ТЭЖ жоспары карталары бойынша жұмыс нәтижелері рейтинг барысында қорытындыланып, нәтижесі шығарылды.
«Самғау» шығармашылық тобының құрамында деңгейлік курс бітірген мұғалімдер жыл бойы «Мектептің даму жоспарын» жүзеге асыру мақсатында ұжымдағы педагогтердің кәсіби біліктілігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізді. 19 мұғалімнің міндеттері: оқыту үрдісіне инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін, деңгейлік курстың мұғалімдер үшін қажеттілігін түсіндіру, 7 модульдің маңыздылығы мен өзектілігін дәлелдеу, сабақтарда тиімді қолдана отырып, білім сапасын жетілдіре түсу, мұғалім тәжірибесін жинақтау, және бөлісу. 1,2-деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер мектептің даму жоспарына сай коучинг, менторинг, Lesson Study, іс-әрекеттегі зерттеу, кәсіби қоғамдастық жұмыстарын атқарса, 3-(базалық) деңгей бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдер курс бағдарламасының 7 модулін іске асыру тәжірибе-экспериментальды жұмысты жүргізді. 2016жылдың30наурызындағы ҚР білім және ғылым министрлігі кеңесініңхаттамасындағы тапсырманы орындау мақсатында ҚР жалпы білім беретін мектептері педагог кадрларының кәсіби дамуының «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойыншамектепішілік курстанГ.Н.Рамазанова мен Ж.К.Конакбаеваның тренерлік етуімен мектеппедагогтерінің кәсіби дамуының 100 акедемиялық сағат көлеміндегі «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша оқып, сертификат алған мектеп мұғалімдері оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелердіигеріп, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдірді. Әсіресе, білім беру мазмұнын жаңартудың бағдарламасы аясында жұмыс істеген мұғалімдерге өте тиімді болды.
Деңгейлік курста алған білімдері мен біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесін өз тәжірибесінде пайдалана отырып, мектепішілік, қала, облыскөлемінде шебер-сыныптар, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, коучинг, семинарлар өткізді. Шабалова Н.И қалалық семинарда «Заманауи мектептегі әдістемелік қызметтің мазмұнының жаңаруы.»,Аманбаева А.М. Уркунчинова Н.М «Оқушы шығармашылығын арттыруға арналған жаңа әдіс тәсілдер»,Демежанова А.Т. «5-7 сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұнын меңгертудегі оқу және оқыту тәжерибесінен» атты семинарда іс-тәжірибесімен бөлісті.Болатқызы Ж. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы облыстық Канапина А.А., «Көзбен көретін айғақтар негізінде СТО дағдыларын дамыту», Мектеп жасындағы балалардың бойында дағды қалыптастыру»атты тақырыптарда өз тәжірибелерін облыс көлемінде ортаға салды.
2017- 2018 оқу жылында мұғалімдердің іс- тәжірибесінің таратылуы: 2017 жылыҚалалық семинарда «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша» Канапина А.А, Мадыева С.С, Демежанова А.Т, Мусина Г., Еделқызы М, облыстық деңгейде Болатқызы Жадыра шебер-сынып көрсетті.
Баспасөз бетінде мақалалардың жариялануы: 2017-18 оқу жылында шықты.
Республикалық ғылыми-әдістемелік «Білім берудегі инновациялар» журналы 2018 ж №34. Серикбаева А.Е, Шабалова Н.И, Аманбаева А.М, Кабдуалиева А.К., Қапашева А.К, А.А.Канапина, Болатқызы Ж, Мусина Г.Т, Ахметов К.А, Даутова З.Т. №45 бейімделген орта мектептегі жұмыстар, мұғалімдердің жетістіктері туралы 10 мақала беріп , жарық көрді. Темиргалиева А.К «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік», «Бір бағыттағы қозғалыс» республикалық «Педагогикалық ой» ж. №9 2017жылы.
Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстың шығармашылықпен ұйымдастырылып, мектеп мұғалімдерінің өзіндік білім көтеруіне көңіл бөлінуі,әдістемелік жұмыстың инновациялық түрі ретінді педагогикалық мониторинг, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды тиімділігін арттыру мұғалімдердің сапалы жұмыс істеуіне ықпалын тигізіп отырады.Пән онкүндіктерінің шығармашылықпен өткізілуі соның нәтижесінде коучинг, менторинг, Lesson Studi, іс-әрекеттегі зерттеу, кәсіби қоғамдастық жұмыстарын жүйелі жүргізу өз нәтижесін көрсетіп отыр. Деңгейлік курстардан өтіп, алған білімдерін өз жұмыстарына АКТ, жаңа білім беру технологияларын, сабақ беруде әртүрлі форма, тәсілдерді қолданып, үнемі өзіндік дамумен айналысып, өзін-өзі жетілдіруге байланысты.
Мектепішілік дәстүрлі «Ең үздік әдістемелік комиссия-2018» сайысының қорытындысы бойынша: «Ең үздік ӘК»-Бастауыш сынып ӘК (жетекшісі Дусупова С.С),1-орын қазақ тілі мен тарих ӘК (жетекшісі Мадыева С.С), 2-орын математика және информатика ӘК (жетекшісі Дүкембаева Б.О),3-орын технология, музыка, бейнелеу пәні ӘК (жетекшісі Мусина Г.Т). Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту, пәндік біліктілігігін жетілдіру мақсатында жүргізілген рейтинг қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде: Бас жүлде - музыка пәні мұғалімі Азатбек Орынбектің, І орын – бастауыш сынып мұғалімі А.К. Темиргалиеваның,ІІ орын – технология пәні мұғалімі Г.Т.Мусина және бастауыш сынып мұғалімі Ж.Болатқызының, ІІІ орын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.М.Уркунчинованың, математика пәні мұғалімі Қ.Қ.Ибраевтыңеншісіне тиді.