«Айгөлек» шағын орталығы
Шағын орталықтың Сәулетай" тобына әзірленген "Анашым аулым менің" атты ертеңгілік

https://photos.app.goo.gl/vRjHN8tHoUvX6tDr5
Қашықтан оқыту біздің шағын орталықты да айналып өтпеді. Күнделікті дене қызу өлшеу, ара қашықтықты сақтау шараларын кіп-кішкентай бүлдіршіндер де бұлжытпай орындап жүр. Кезекші топ болғандықтан топтағы бала саны шектеулі. Кезекші топқа қабылдау бірінші кезекте көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, әскери қызметтегі отбасылар, мемлекеттік қызметтегі отбасылардың балалары қабылданды. Барлық санитарлық - эпидемиологиялық ережелер сақталып, мейлінше балалардың амандығын сақтау үшін жұмыстар жасалуд
Кезекші сыныпқа кіре алмай қалған балапандар да онлайн отырып коптеген жұмыстар жасалуда.Кезекші сыныпқа кіре алмай қалған балапандар да онлайн отырып коптеген жұмыстар жасалуда.



№45 бейімделген орта мектебі жанынан құрылған
«Айгөлек» шағын орталығы
Серикбаева Алия Елгазыновна
Алия Елгазыновна ШҚО, Марқакөл ауданы, Горное ауылында 1971 жылы 09 маусымда дүниеге келген.
1989 жылы Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математика және информатика факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы «математика, информатика және есептеуіш техника» пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
1994-2002 жылдары Өскемен қаласы №43 орта мектепте, 2002-2004 жылдары №1 орта мектепте, 2004-2005 жылдары №44 мектеп-лицейінде информатика пәні мұғалімі, 2005 жылдан бастап Өскемен қаласы №45 бейімделген орта мектебінде қызмет атқарды. Соның ішінде: 2008-2011 жылы директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары, 2011 жылдан бастап директордың оқу ісі бойынша орынбасары болып қызмет атқарып келді және де педагог-зерттеуші дәрежесінде информатика пәнінен сабақ береді. Еңбек өтілі 23 жыл. Білім саласына өзіндік үлесін қосып жүрген ұлағатты ұстаз.
Оқу ісі меңгерушісі ретінде мектептің білім сапасын көтеруге көп көңіл бөлді. Жоспарлы атқарылған іс-шаралардың аясында мектептің білім сапасы 2016-17 о.ж – 65,5%, 2017-18 о.ж. – 66,3%, 2018-19 о.ж. – 69,5%. Соңғы үш (2016-2019) оқу жылында мектеп түлектерінен 12 «Алтын белгі», 3 «Үздік» аттестат иегерлері атанды.
Өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында қала мектептерінің директорлары мен оқу ісі меңгерушілеріне арналған «Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындаудағы тиімді әдіс-тәсілдер» (2016 ж), «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының оқу ісі меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті басқарудың құзырлылық амалы» курсының курсанттарына «Мектепішілік бақылау – білім сапасын көтерудің бір жолы» (2016 ж) тақырыбында ұйымдастырылған семинарлар әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.
Өзі де түрлі сайыстарға қатысып өз шеберлігін шындап отырады. 2015 жылы Алматы қаласында «Мектеп оқушыларын PISA Халықаралық зерттеулеріне дайындау» атты жобасы үздік деп танылып «Өрлеу» БАҰА АҚ-ның Құрмет грамотасымен, 2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған «Информатика» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен, «Үздік сабақ жоспары» шығармашылық конкурста ІІІ дәрежелі дипломмен, «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» атты байқауына ұсынған жұмыстары «үздік» деп танылып, дипломмен және «Педагогика саласының үздігі» төсбелгісімен және де нәтижелі жұмысы үшін Өскемен қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Жаңартылған білім беру аясында информатика сабағында оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбындағы баяндасы «Ғылым және білім-2017» ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясына ұсынылып, баяндамалар жинағына енгізілді. «Білім берудегі инновациялар» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Мектебі жақсы елдің ертеңі жақсы» атты мақаласы жарияланды.
Оқу ісі меңгерушісі ретінде басшылық жасаған математика және физика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігі қалалық «Мектептегі әдістемелік бірлестік жұмысын ұйымдастырудың инновациялық моделі» байқауында 3 орын – 2015 ж., «Физика-математика бағытындағы үздік әдістемелік бірлестік» байқауында 3 орын – 2018 ж. иеленді.
«Ақпараттық технологиялар және оны мектепте оқыту мәселелері» атты информатика оқулығына әдістемелік көмекші құрал жасап, қалалық білім бөлімінің сараптама комиссиясымен бекітілді.
Жылма жыл қалалық оқу бөлімінде «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткерлердің құжаттарын тексеру комиссиясы құрамына қатысып келеді.
Өзінің теориялық-әдістемелік білімін саралап, кәсіби біліктілігін арттыру бойынша 2017 жылы «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Информатика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы» бойынша оқу курсын, 05.02.18 – 14.12.18 аралығында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Астана қаласында педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған мектеп басшыларының біліктілігін арттыру 9 айлық курсын аяқтады.
14.01.2020 жылдан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі» директоры болып тағайындалды.Шағын орталық 50 орынға арналған, 2 топ жұмыс істейді: 1-топта «Еркетай» орта жастағы (4-5), 2-топта «Сәулетай» екінші кіші жастағы (3-4) балалар. Жыл сайын жаңа оқу жылында шағын орталыққа 54 тәрбиеленуші қабылданады. Тәрбиешілердің өте жақсы жұмысының арқасында шағын орталыққа балаларды орналастыруға сұраныс көп. Орталықтың жұмыс уақыты 7.00 дан бастап 19.00-ге дейін. Әрбір жастағы топтың ойынға арналған, ұйықтауға , сабақ өткізуге, тамақ ішуге арналған ортақ бір бөлмесі және жуынатын бөлмесі бар. Физиологиялық жаттығулар мен ән сабағына арналған зал және медбикенің бөлмесі бар.
Топтарда мемлекеттік тілде оқыту іске асады.
Топтарда Үлгілік оқыту бағдарламасы жүзеге асады.
Жұмыстың негізгі мақсаты :
– балалардың физикалық және психикалық дамуын, өзіндік мүмкіншіліктерін, қызығушылығы мен қабілетін, мектепке дайындығын ескере отырып, жан-жақты тұлға етіп қалыптастыру. Мектепке дейінгі жастағы балалардың шағын орталықтағы мектепке дейінгі жастағы оқушыларды жалпы дамытуға арналған бағдарлама ұйымдастырылған.
Шағын орталық 100%-ға кадрлармен жабдықталған. Бүгінгі күні 11 педагог жұмыс істейді, оның: 4-уі – тәрбиеші, 1 педагог – ағылшын тілі маманы, 1 – музыкалық жетекші, 1-орыс тілі мұғалімі, 1-хореограф, 1-педогог-психолог,1- би жетекшісі, 1- әдіскер.
Шағын орталықтың жұмысын ашылғаннан бері зерттеуші-мұғалім білікті ұзтаз, қалалық «Жыл мұғалімі-2015», «Облыстың ең үздік бастауыш сынып мұғалімі -2015» байқауларының 1 орын иегері, Республикалық «Мен және менің коучингім» байқауының 2 орын иегері, «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісінің иегері Канапина Асель Альмухановна ұйымдастырып келеді.
Шағын орталықтың бағдарламасына сай оқу жоспары, әдістемелік жабдықтар, апталық жұмыс жүктемесі бар.
Барлық іс шаралар жылдық жоспарға сәйкес іске асырылады.
Балалардың физиологиялық дамуына арналған жұмыстар жақсы деңгейде жүреді деуге болады. Дене тәрбиесінің жетекшісі Абуюров Б.Ж. өз сабақтарында дәстүрден тыс құралдар мен формаларды қолданады. Музыка жетекшілері Чибиханова Айгүл мен Турғанбаева Айгүл тек сабақтарын эмоциналды , қызықты түрде өткізіп қана қоймай бүлдіршіндерді жоғары деңгейдегі байқауларға қатыстырып жүлделі орындар әкеліп жүр. Олар барлық педагогтерге музыкалық жақтан әрлеуге көмектесуге дайын. Шағын орталықта «Наурыз», «Жаңа жыл», «Алтын күз», «Тәуелсіздік күні», «Тілашар» мерекелері дәстүрлі өткізіліп келеді.
Ағылшын тілінің мұғалімі өз сабақтарын қызықты және дәстүрден тыс өткізеді, сабақтарында ойын түрлерін, оқыту формаларын, интерактивті әдістерді қолданады. Орыс тілі сабағы да жақсы деңгейде өтеді. Мұғалім сабақтарын ойын түрінде , қызықты өткізеді. Шағын орталық педагогтері қала, облыс көлемінде неше қайтара семинарлар өткізіп, тәжірибе бөлісіп келеді.
Шағын орталықтағы дамыту жұмыстары дәстүрлі формалармен сәйкес жүреді: ойындар, сурет салу, мүсіндеу, конструкторлау. Әрбір топта экологиялық бұрыш, дидактикалық ойындар жас кезеңіне сай кітаптар, әр түрлі кострукторлар және т.б бар. Топтар және музыкалық зал техникалық құралдармен жабдықталған. Оқу жылы барысында 3 рет (бастапқы, аралық, қорытынды) балалардың даму деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жасалады. Тексерістің мақсаты: интелектуалды және тұлғалық жақтан дайындықтарын тексеру. Келесі психикалық үрдістер сарапталды: есту, ес, оқуға ынта, логикалық ойлау, қоршаған орта туралы түсінік.
Шағын орталықта балалардың толыққанды дене мәдениетін, көркем эстетикалық, интеллектуалды дамуына жағдай жасалған. Шағын орталықтың материалдық техникалық базасы педагогикалық талапқа, санитарлық және заманауи білім беру нормаларына сай келеді.Шағын орталықта ата аналарға арналған бірқатар іс шаралар өткізіліп келеді. Әрбір топта ата аналарға арналған ақпараттық бұрыштамалар жасалған. Ақпараттық материалдар балалардаң шығармашылыған, тәрбие аспектілерін көрсетеді. Ата аналар шағын орталықты көгалдандыруға, қар қалашығын жасауға үлес қосады. Ата аналар мен балалардың шығармашылығын көрсететін әр түрлі шаралар үнемі жүргізіліп отыру дәстүрге айналған.