29
январь
2020
Орыс және ағылшын тілдер бірлестігі
Орыс және ағылшын тілдер бірлестігі


Осы оқу жылы орыс және ағылшын тілі бірлестігі «22 қыркүйек - Тілдер мерекесіне» байланысты мектепте онкүндік өткізді. Ашық сабактар, сыныптан тыс шаралар, Абай мен А. Байтұрсыновтың шығармаларын мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, сайыстар. Соңында «Ұлттарды біріктірген ұлы тіл» атты фестивальмен аяқталды. Биылғы оқу жылында Л.Жунусбекова және Л.Лукпанова «Методические рекомендации по разработке суммативного оценивания в 7 классе»» атты авторлық бағдарлама қорғады. А. Демежанова, Л.Лукпанова, Қ. Баширова біліктіліктерін көтеріп, модератор мен эксперт квалификацияларын қорғады. «Другой язык - другое видение мира» атты пән апталығы өтті. Бірлестік мүшелері белсенді қатысып, түрлі шаралар өткізді. Күнделікті «Көңілді үзілістер», диктанттар жазудан, үздік мәнерлеп жазудан, үздік дәптерлерден түрлі сайыстар өткізілді. Онкүндік қорытындысы кезіндеөткізілген фестивальда сахналық қойылымдардан конкурстар өткізіліп, оқушылардың шығармашылық жұмыстары марапатталды. Орыс тілі мұғалімдерінің тәжербиелері баспа беттеріне жарияданып, марапатталды.

















