Жаратылыстану әдістемелік комиссиясы
Жаратылыстану әдістемелік комиссиясы
Әдістемелік комиссия жетекшісі: Кисанова Ж.Т.
2021 -2022 оқу жылы
2021-2022 оқу жылы бойынша ӘК құрамында 8 мұғалім бар. Оның 2 физика, 2 химия, 2 биология, 2 география пәні мұғалімдері. Жоғары санатты -1,педагог - сарапшы– 2, екінші санатты – 1, педагог – модератор -3. Еңбек өтілдері – 2 жылға дейін 1, 1-7 жылға дейін 2, 14-20 жылға дейін 1, 20 жылдан астам 2..
Жаратылыстану пәндер онкүндігі
17. 01. 2022ж. – 26.01.2022ж.
Тақырыбы: «Жаратылыстану пән сабақтарында зерттеуге негізделген оқу әдісін практикада қолдану»


География пәнінен 10 «А» сыныбында ZOOM платформасында өткен ашық сабағы, пән мұғалімі Кисанова Ж.Т., оңкүндіктің мақсатына сәйкес, зерттеу әдісін практикада қолдануды көрсетуге жоспарланған. Сабақтың тақырыбы: «Елдер мен аймақтардың дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлі». Сабақ «төңкерілген сынып» әдісімен өткізілді. Оқушылар алдын ала топтарға бөлініп, 3 елдің, Жапония, Қазақстан, Непал, географиялық кеңістігінің экономикалық дамуына рөлін зерттеу арқылы анықтады. Ортаға салып, талдау жасады. Осы елдер туралы қызықты мәліметтер келтірді. Сабақта АКТ тиімді пайдаланды, wordwall платформасында үй тапсырмасын тексеру және бекітуге арналған тапсырмалары оқушыларды қызықтырды. Биология пәнінен Сагатбекова А.К.«Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысының принципі» тақырыбында өткен ашық сабағы, тарих пәнімен, пән мұғалімі Есенбаева Ш.З. кіріктірілген сабақ түрінде өтті.

Сабақта оқушылар ДНҚ ерекшеліктерін жан жақты талдап қана қоймай, ДНҚ моделін өз қолдарымен жасап көрді, Мұндай тапсырмалардың оқу материалдарын есте сақтауға тәжірибелік маңызы өте зор. ДНҚ – ны мәдени - генетикалық код ретінде қарастыру, 7 атасын білу арқылы генетикасын түсінуге бағытталған зерттеу тапсырмаларын орындату арқылы тарих және биология пәндерінің ұштасуын байқадық. Сабақтың сәтті өткен кезеңдеріне, ағылшын тілінде ДНҚ – ның құрамы аталуы, сабақтың тақырыбын ашатын бейнематериал, тақырыпқа сәйкес ҰБТ тапсырмаларын орындату, «Блоб ағашы» рефлексиясын атауға болады. Тағы бір жоғары деңгейде өткен кіріктірілген сабақ, ол химия және физика пәндерінен өткен«Тұрақты электр тогы. Металдардың электртерістілігі»тақырыбындағы ашық сабақты атауға болады. Пән мұғалімдері ,Тұрғанбекова Айым Болатқызы мен Сахариева Айнұр Жанарбекқызы. Сабақ онлайн түрінде ZOOM платформасында жүргізілді. Оқушыларды қызықтыра білген Quizizz тапсырмалары, химия және физикадан тізбек құрауға арналған тәжірибелік алаң, виртуалды зертханада тәжірибе жасау, padlet тақтасымен жұмыс деген тапсырмалар, мұғалімдердің АКТ қолданудағы шеберлігін көрсете білді және функционалды сауаттылықты арттыруда маңызы зор болды. Физика пәнінен «Қатты денелердегі, сұйықтар мен газдардағы қысым» тақырыбындағы өткен ашық сабақ, пән мұғалімі Турдыбекова М.О. өте жақсы құрылымданған. АКТ өте тиімді пайдаланды. Импульс заның түсіндіру, реактивті қозғалысы, ракетаның құрылысы көрсету және тағы басқа тапсырмалары Quizlet платформасы, phed colorado виртуальды зертханасы , padlet тақтасы, twig-bilim. kz платформалары арқылы орындалды.

Жаратылыстану пәнінен«Тірі ағзалардың қасиеттері»тақырыбындағы 5 « Г» сыныбында өткен ашық сабақ, пән мұғалімі Буралхиева М.М. ZOOM платформасында жүргізілді. Сабақта топтық жұмыс, оқушылардың өзара бағалауы өте сәтті болды. Тақырыпты бейнематериал арқылы ашу, «А,Б,В» әдісімен үй тапсырмасын тексеру, «Жас ғалым» зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызығушылығын арттыра білді. АКТ өте тиімді пайдаланды, wordwall платформасында бекітуге арналған «айнамалы шеңбер» тапсырмасы орындалды. Оңкүндік шеңберінде ШҚТУ мұражайына , ШҚУ IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, физика және технологиялар кафедрасындағы физикалық зертханаларына және медколледжге экскурсиялар жоспарланып, өткізілді.
Оқушылардың жетістіктері 2021-2022 оқу жылы
Қалалық сайыстар
Іс-шара атауы | сынып | Оқушы аты-жөні | нәтижесі | жетекшісі |
Оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы | 10 «А» | Зәки Айғаным | 2-орын | Тұрғанбекова А.Б |
Қалалық пән олимпиадасы | 9 «А» | Нурланқызы Айғаным | 3 - орын | Кисанова Ж.Т. |
Қалалық пән олимпиадасы | 9 «Б» | Калибеков Темірлан | 3- орын | Тұрғанбекова А.Б |
Қалалық пән олимпиадасы | 11 А | Сағади Еркежан | 4- орын | Сагатбекова А.К. |
Қалалық пән олимпиадасы | 7Г | Қожахметова Құралай | 3 - орын | Сагатбекова А.К. |
Қалалық пән олимпиадасы | 11 А | Мұқатаева Талшын | 2-орын | Сахариева А Ж. |
ШҚТУ олмпиадасы Физика пәнінен | 9 «А» | Абзалбек Айдана Есенбаева Інкәр | 1 турдан өтті | Турдыбекова М.О. |
ШҚТУ олмпиадасы «Лидер ЖАС ТАЛАП - КZ» Физика пәнінен | 9 «Б» | Асылбеков Еділ Салимов Азамат Бабағумаров Бейбарыс Маутканова Лаура Тарыбаева Айша Нұртаза Томирис | 1 турдан өтті | Тұрғанбекова А.Б |
ШҚТУ олмпиадасы «Лидер ЖАС ТАЛАП - КZ» География пәнінен | 9 «В» | Толеубек Ерасыл | 3 дәрежелі диплом | Кисанова Ж.Т. |
Облыстық, республикалық сайыстар
№ | Оқушының аты - жөні | Сайыстың түрі | Деңгейі | Нәтижесі | Мұғалімі |
1 | Кәкімова Аружан | ІІ Республикалық пәндік олимпиадасы | Республикалық | Диплом 1 орын | Буралхиева М.М. |
2 | Әлімбекова Кәусәр | ІІ Республикалық пәндік олимпиадасы | Республикалық | Диплом 1 орын | |
3 | Манап Малика | ІІ Республикалық пәндік олимпиадасы | Республикалық | Диплом 1 орын | |
4 | Есқазиева Айдана | ІІ Республикалық пәндік олимпиадасы | Республикалық | Диплом 1 орын | |
5 | Елемесова Шынар | ІІ Республикалық пәндік олимпиадасы | Республикалық | Диплом 1 орын | |
6 | Тоқтамысов Данияр | ІІ Республикалық пәндік олимпиадасы | Республикалық | Диплом 1 орын | |
7 | Файзуллина Диана | ІІ Республикалық пәндік олимпиадасы | Республикалық | Диплом 1 орын | |
2 | Мананов Әлинұр | «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасы | Республикалық | 1 дәрежелі диплом | Кисанова Ж.Т. |
3 | Тұрсынхан Мерей | «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасы | Республикалық | 1 дәрежелі диплом | |
4 | Шалқарқызы Кәусар | «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасы | Республикалық | 1 дәрежелі диплом | |
5 | Нұрланова Інжу | «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасы | Республикалық | 3 дәрежелі диплом |
Мұғалімдердің жетістіктері 2021-2022 оқу жылы
№ | Мұғалім | Іс –шара атауы | Деңгейі | Нәтижесі |
1 | Кисанова Ж.Т. | Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорынан алтын белгі иегерлері Құмарбек Ақбота мен Орчумбаева Әсем география пәнінен дайындааны үшін | Қалалық | Алғыс хат |
2 | Тұрғанбекова А.Б. | Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорынан алтын белгі иегерлері Асығатова Арай физика пәнінен дайындааны үшін | Қалалық | Ал,ыс хат |
3 | Кисанова Ж.Т. | «Іс –әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» аймақтық ҒТК | Облыстық ҒТК | диплом |
4 | Сагатбекова А.К. | «Іс –әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» аймақтық ҒТК | Облыстық ҒТК | диплом |
5 | Тұрғанбекова А.Б. | «Іс –әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу: білім беру мекемелерінде жүзеге асыру тәжірибесі» аймақтық ҒТК | Облыстық ҒТК | диплом |
6 | Тұрғанбекова А.Б. | «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі | Республикалық | төсбелгі |