Мектеп асханасы
21.12.19. Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыру
Мектепте 1-11 сыныпта 861оқушы, 0 сыныпта 102 , шағын орталықта 54 тәрбиеленуші мектеп асханасынан тамақтанып отыр. Биылғы оқу жылы басынан асхана арендаторы болып Тайбаланова Гульнар Мухаметказиевна тағайындалды. Асхана меңгерушісі Слямова Сандуғаш Габдылгабаровнаның басшылығымен барлығы 1017 бала арнайы кесте негізінде, тапсырыс беру арқылы тамақтануда. Олардың ішінде 0-11 сыныптар аралығында 234 оқушы арнайы құжат негізінде тегін ыстық тамақ ішеді. Мұнда табыс көзі жан басына шаққанда 31183 тг аспайтын және мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасы балалары қамтылыпотыр. Көпбалалы 79, аз қамтылған 152, ЗПР-1, қорғаншылыққа алынған – 2. 10 оқушы асхана арендаторы есебінен тамақтанады. Асханада 10 адам сапады қызмет атқарады. Олар 1 меңгеруші, 4 разрядты 2 аспаз, 1 нан өнімдерін пісіруші, 1 аспаз көмекшісі, тамақ беруде 1 адам, ыдыс жуушы – 2 адам және 2 даяшы. 17.10.№ 367-ө бұйрығымен 7 адамнан тұратын бракераж комиссиясы құрылып, асхана қызметінің сапасын тексеріп келеді. Комиссия тарапынан ешқандай ескертулер болған жоқ. Мектеп медбикесі күнделікті бракераж журналын жүргізіп отыр. Ыстық тамақ СЭС-тің бекітілген арнайы 10 күндік мәзірі негізінде беріледі. Сондай-ақ, қала бойынша ыстық тамақ құны да 350 тг болып бірыңғай бекітіліп отыр.