Тамақтандырудың сапалық мониторингі
Посмотреть онлайн файл: ashana-yzmet-24-25.docx
Посмотреть онлайн файл: bektemn.pdf
Тамақтану 23-24
Посмотреть онлайн файл: tamatanu-23-24.docx






























































«№45 орта бейіндік мектебі» КММ
Мектеп оқушыларын сапалы тамақтандыру
(Директор жанындағы отырыс 25.12.21)
Орындаған: ТІМ Аманбаева А.М.
Мектепте 1-11 сыныпта 919 оқушы, 0 сыныпта 87, шағын орталықта 50 тәрбиеленуші мектеп асханасынан тамақтанып отыр. Асхана арендаторы Тайбаланова Гульнар Мухаметказиевна, асхана меңгерушісі Слямова Сандуғаш Габдылгабаровнаның басшылығымен барлығы 1006 бала арнайы кесте негізінде, тапсырыс беру арқылы тамақтануда. Олардың ішінде 0-11 сыныптар аралығында 194 оқушы арнайы құжат негізінде тегін ыстық тамақ ішеді. Мұнда табыс көзі жан басына шаққанда 34302 тг аспайтын және мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасы балалары қамтылып отыр. 6 оқушы асхана арендаторы есебінен тамақтанады. Асханада 10 адам сапалы қызмет атқарады. Олар 1 меңгеруші, 4 разрядты 2 аспаз, 1 нан өнімдерін пісіруші, 1 аспаз көмекшісі, тамақ беруде 1 адам, ыдыс жуушы – 2 адам және 2 даяшы. 13.10.2021 № 339-ө бұйрығымен 7 адамнан тұратын бракераж комиссиясы құрылып, асхана қызметінің сапасын тексеріп келеді. Комиссия тарапынан ешқандай ескертулер болған жоқ. Мектеп медбикесі күнделікті бракераж журналын жүргізіп отыр. Ыстық тамақ ШҚО ББ бекітілген 2 арнайы апталық ас мәзірі негізінде беріледі. Сондай-ақ, қала бойынша ыстық тамақ құны да 450 тг болып бірыңғай бекітіліп отыр. Даярлық тобы балаларына арнайы 350 тг тұратын ас мәзірі жасалып, бекітілді. Қыркүйек айынан бастап тамақ сапасына сондай қатты ескертулер болған жоқ. 7 «Б» сынып ата-аналары тарапынан асханадағы таамқтың сапасын жақсарту туралы ұсыныс хаты түскен. Осы сыныптың оқушыларымен әңгіме жүргізіліп, қандай тамақ ішкілері келетіні сұралды. Олардың айтуынша, манты, плов сияқты тамақтар сол 7 сыныптар тамақ ішкен кезде болғанынын қалайтынын айтты. Ұсыныс асхана меңгерушісіне жеткізіліп, қадағаланып отырылды. Сосын 2 аптадан соң балалармен қайта әңгіме жүргізілді. Ешқандай шағымымыз жоқ деді. Артынша ата-аналардан сынып жетекшіге тамақтануға байланысты мәселеміз шешіліпті, рахмет деген хабарламалар келді. Сынып жетекшілер үнемі сыныптардың қасынан табылады. Әсіресе, 5, 6 сынып жетекшілері өте жоғары жауапкершілікпен оқушыларын тамақтандырады. Әр айдың соңында табель толтырылып, бас есепшіге тапсырылып отыр. Қалалық білім бөлімі және Нұр-Отан партиясы, СЭС тарапынан құжаттар, зал, тамақтану кесте, ас мәзірлері 2 рет тексерілді. Ешқандай шағым болған жоқ.
Шешім: Оқушылардың кесте бойынша, тапсырыс беру арқылы тамақтануын ұйымдастыру сынып жетекшілерге міндеттелсін
Асхана жұмысының сапалы жүргізілуін қадағалау мектеп медбикесі Елжасова Л. Ж.мен ТІМ А.М.Аманбаеваға жүктелсін.