Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс барысы
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс барысы
Бүгінгі таңда «Жас ұлан» құрамына 302 оқушы, «Жас қыран» 472 оқушы қабылданды. Барлығы 774 оқушы.
Балалар ұйымына мүшелерді қабылдау және қалалық рейтинг бойынша 2022-2023 оқу жылындағы мониторингіне қарағанда, осы бағыттағы тәлімгердің 2023-2024 оқу жылындағы ұйымдастырушылық жұмысын жоғары деп баға беруге болады. Атап айтсақ: «Оқушылар шығармашылық сарайы» ҚМҚК директоры Г.В Асташкинаның «Жетелей алатын Көшбасшы» аты 3 күндік көшбасшыларын өткізгені үшін, «Мықты көшбасшы-мықты мектеп парламенті» атты 3 күндік көшбасшылар мектебін өткізуге қосқан үлесі үшін, аға тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушылар шығармашылық тобында белсенді қызмет жасағаны үшін, «Мектептің өзін-өзі басқаруды, көшбасшының жетістігін жобалау» тақырыбында өткізілген көшбасшылардың көшпелі мектебін ұйымдастыруға атсалысқаны үшін бірнеше мәрте тапсырған «Алғыс хаттарынан» көруге болады.
Жылы | Бала саны | «Жас Қыран» | «Жас Ұлан» | Қорытынды | Құрылған жылдан бері барлығы | 1-11 сынып оқушыларының жалпы санынан алғанда % |
2022-2023 | 977 | 82 | 86 | 168 | 670 | 68,5% |
2023-2024 | 1049 | 100 | 104 | 204 | 774 | 73,7% |
2024-2025 | 1059 | - | - | - | - | - |
Кестеде 2022-2023,2023-2024 оқу жылдарындағы ұйымға қабылданған оқушы саны көрсетілген. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 5,2% өсу бар. 2024-2025 оқу жылында жоспарға сай 14.10.24 күні мектеп Президентіне сайлау өткізіліп, ұйымға қабылдау қалалық жоспарға сай желтоқсан айында өткізіледі.
Мәселелер | Шешу жолдары |
Мектеп тәлімгерінің жиі ауысуы | Тұрақты жұмыс жасайтын маман қабылдау |
«Жас Ұлан» қатарындағы оқушылар санының, сондай-ақ өзін-өзі басқару құрамындағы оқушылар санының азаюы; | «Жас Ұлан» қатарына оқушыларды қабылдау жоспарын құру |
Жалпы қалалық шаралар мен байқауларға өзін-өзі басқару пайызы төмен; | Оқушы қызығушылығына қарай бағытталған жұмыстар жүргізу. Кретивті шаралар, трендтегі контенттерді түсіру арқылы оқушылар тарту. |
Өзін-өзі басқару ұйымының арнайы кабинетінің болмауы. | Кабинет ашу |
Нәтижесінде:Тұрақты жас маман жұмысқа алынып, жұмыс жанданды. Оқушылар белсенділігі жоғарлады.Қалалық өзін-өзі басқару ұйымының 2023-24 оқу жылындағы жұмыс рейтингісінің қорытындысы бойынша 2-орынға ие болды. Өзін-өзі басқару ұйымының дамуы мен қалыптасуына жеке үлес қосқаны үшін мектеп президенті Тұрсынғазыева Диляра, Бедіқожа Темірлан қалалық өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы атанып, оқушылар шығармашылық сарайының директоры Г.В.Асташкинаның алғыс хатымен марапаталды.
Өзін-өзі басқару ұйымының арнайы кабинеті ашылып, оқушылар емін-еркін шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік жасалды.