«ҚАЗАҚТЫҢ ДАРА ТУҒАН ДАНАСЫ» АШЫЛУ САЛТАНАТЫ » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2020

«ҚАЗАҚТЫҢ ДАРА ТУҒАН ДАНАСЫ» АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛ ТОЛУЫ ҚАРСАҢЫНА ОРАЙ «ҚАЗАҚТЫҢ  ДАРА ТУҒАН ДАНАСЫ» АТТЫ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ  АШЫЛУ САЛТАНАТЫ


МақсатыАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, онкүндік аясында салтанатты жиын өткізу. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. 

Міндеті

- оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді арттыру; 

- мұғалім мен оқушы арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру; 

-Абай әндері арқылы жас буынның ән айту шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру. 


Аудитория: 1-11 сыныптар 

Көрнекілігі:  презентация


1-жүргізуші:   Жүрегін шырақ етіп жандырған кім,

                        Жырымен жан сусынын қандырған кім?

                        Өзіне өзі орнатып ескерткішті,

                        Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

2-жүргізуші:   Соқтықпалы, соқпақпыз жерде өскен кім?

                        Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

                         Арманын аттандырып келешекке,

                         Бізбенен осы күнге тілдескен кім?

(Абай кіреді).

Абай:   Жүрегімнің түбіне терең бойла,

            Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

            Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

            Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Құрметті менің  халқым! Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің. Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қатарына қосылады. Осыны естеріңізге бек сақтаңыздар! 


1-жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!   «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» деп басын тауға да, тасқа да соққан қазақтың біртуар ұлының бірі, әдебиет алыбы Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 175 жыл толып отыр.  


2-жүргізуші: Абай-бар халықты талантына бас идірген ақын, гуманист, Абайдан асқан қазақ баласында жан-жақты ақын болған жоқ. Дәл осы уақытта біздің арамызда өзі жүрмесе де, оның өлеңдері, қарасөздері, әндері жүр.    Данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен шығармашылығына арналған «Қазақтың дара туған данасы» атты іс-шараның  ашылу салтанатын ашық деп жариялаймыз! 


1-жүргізуші:  Абайдың  ақылының толысып, білім нәрімен сусындауына  әжесі   Зеренің, анасы Ұлжанның  және әкесі  Құнанбайдың батылдығы, алғырлығы зор ықпал етті.

Көрініс: әкесі Құнанбайдың Абайға таққан 3 міні (М.Әуезов «Абай жолы» 1-кітабы)



2-жүргізуші:  Ақын Абай – қазақта дара тұлға,

                        Бөленер күміс әнмен  сұлу жырға.

                        Оқымасам жырларын ұлы Абайдың,

                         Көкірегім толады шер мен мұңға.


Абай өлеңі оқылады


1-жүргізуші: Мұхтардың «Абай жолын»  оқып көрші,

                     Беріліп жан-тәніңмен көңіл бөлші

                          Әрбір сөзінде терең ой бар,

                          Тереңін сен бақылап, байқап көрші

Көркемсөз оқылады («Абай жолынан» үзінді оқылады)  


2-жүргізуші:  А. Құнанбайұлының  өзі шығарған 20 шақты өлең-әндері бар. Ол сырлы, сазды әндерімен халық көңілінен шыққан. Әндерінің қайсысын алып айтсақ та, мөлдіреп тұнып тұрған ақылдың, өнердің көзі. 

 «Айттым сәлем, Қаламқас» әні орындалады


1-жүргізуші: Абай поэзиясы сарқылмас бұлақ. Сөз шебері Абай ата, біз сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз-деп «қазақ поэзиясының шамшырағы»- Абай Құнанбайұлының 175 жылдық  мерейтойына арналған  іс-шараның ашылу салтанатын  аяқтаймыз! 


2-жүргізуші:  Ұлы Абай! Дана Абай! Абай Құнанбайұлы  қазақтың таң жұлдызы, халқының бетке ұстар нұр құндызы.  «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» -деп өзі айтып кеткендей  Абай мұрасы әрқашан біздің жадымызда, сондықтан ақын есімін биікке көтеріп, қастерлей білейік! 


 Екі жүргізуші бірге:  Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!