Абай- ұлы даланың ұлы ойшылы
Абай- ұлы даланың ұлы ойшылы
Биыл ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай
Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланып отыр. Оның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани байлығы. Заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын, бұл мирас өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсуде.
Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін №45 бейімделген орта мектебінде арнайы жоспар құрылып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамыту мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды Осы орайда 5 ақпан күні «Абай- ұлы даланың ұлы ойшылы» тақырыбында 4 сынып мұғалімдері: А.А. Канапина, А.К. Катишева, Г.С. Манабаева, М.К.Мукажанова жоғары деңгейде кеш өткізді. Кеш «Келіншек» күйімен ашылды.Күйді орындаған 4 сыныптың 75 оқушысының үстіндегі қазақтың ұлттық киімі мен домбырада ойналған күйдің сазды әуені көрермендерге ерекше қөңіл күй сыйлады.

Әдеби кеш Абайдың әкесі Құнанбайдың түс көруі, әжесі Зеренің түсті жоруы, сүйінші сұрау, сүйінші беру, балаға азан шақырып ат қою, шашу рәсімдері, асықпен «Ханталапай» ойынын ойнау, Абайдың алғашқы өлең шығаруы, Жасөспірім Абайға әкесінің мін тағуы, ересек Абайдың білімді құптау сәті,Біржан салдың ән салуы театрланған көрініс ретінде орындалумен жалғасты. Құнанбайдың бейнесін педагог –ұйымдастырушы С.АУнасов,әжесі Зерені- 4 «Б» сынып оқушысы Закарьянова Алинаның апасы-Сабитова Саруар,молданы –Сұлтан , бала Абайды 4 «А» сынып оқушысы- Рахимбаев Дәурен, жасөспірім Абайды – 11 «А» сынып оқушысы- Бабаханов Нұрасыл, Ересек Абайды – 4 «Г» оқушысы Қабыкенова Әйгерімнің әкесі – Қабыкенов Әділ, Біржан салды- 4 «Г» оқушысы Рахатова Аянаттың ағасы- Садыбаев Дархан, Ұлжанның бейнесін – бастауыш сынып мұғалім А.К. Катишева театрдың әртістеріндей сомдап шықты.

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын қалдырған терең ойға толы алуан өлеңдерін Бақытбекқызы Еңлік- «Адам болам десеңіз», Медетұлы Айбын-«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Жақсыбекқыз Дана -«Өлең- сөздің патшасы сөз сарасы» , Мұратбек Әйгерім -«Жазғытұры» Төлеубек Інжу- «Қыс» өлеңдерін оқып тамсандырды.

Болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге әсеретін ақынның қара сөздерін Мықтыбаев Қажымұқан –бірінші, Какымжан Алижан – алтыншы, Ақылбекова Ақбота- он бесінші, Оралова Нұрай – он алтыншы қара сөздерін нақышына келтіріп оқыды.
Ән құдіретін тек көкірегі ояу түсінігі мол, саналы адам ғана ұғына алады. Халық санасынан өшпес орын алған Абайдың « Желсіз түнде жарық –ай», «Айттым Сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» әндерінен 4 сыныптың әншілері попурри айтты. Көз тартар әдемі қазақ киімін киген 4 «Г» сыныптың кішкене бишілері «Қазағым - ай» биін дене қимылы арқылы көркем образды бейнеледі.
Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына дәріптеу мақсатында өткізілген кешке музыка пәнінің мұғлімі Азатбек Орынбектің еңбегі зор.

Әрбір жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындатып, жырларынан нәр алуға баулуға жасалған кеш әрбір баланың жүрегінде ерекше қалды. Мектебімізде Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы сыныптан- сыныпқа , бірлестіктен- бірлестікке жолданып, жалғасын тауып жатыр. Мектеп ұжымы Абай атамыздың мерей тойын атап өтуге өз үлестерін қосып, «Абайтану» кабинеті жабдықталып, әрбір сыныпта «Абай бұрышы» жасақталып мектептің кіре беріс залында «Абай ата кітабы» көрнекті түрде жасалып, төрден орын алды. Ата –аналар мен оқушылар Абайдың өлеңдеріне, әндеріне, қара сөздеріне, аудармаларына арналған бірінен – бірі өтетін ғажайып кітапшалар дайындап, ұлы бабамыздың шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеп көрсетті.
Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасай береді.
Жазған : №45 бейімделген орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі А.К. Капашева