Жетім көрсең жебей жүр
Біздің ұйымшыл да бірлігі жарасқан мейірімді 4г сынып оқушылары мен ата-аналары биылғы 2019-20 оқу жылында мектептің ұстанған тәрбие бағыттарының бірі «Нappy world» («Бақытты әлем») жобасы бойынша жұмыс жасап келеді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық бола берсін деген мақсатпен жүрегі жақсылыққа толы мейірімді жандарды тарта отырып, «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Мектеп көлемінде ұйымдастырылған бұл акция төңірегінде әдеби кітаптар ,аяқ киімдер,сырт киімдер, ойыншықтар жиналды. «Жетім көрсең жебей жүр» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Жандарына жылулық сыйлап, Куленовка кентінде орналасқан «Үміт» балалар үйіне барып қайттық.Жиналған заттармен қоса тәрбиеленушілерге сыйлықтар, көптеген тәттілер ұсынылды. Балалармен жақын танысу мақсатында қызықты тренингтер, сайыстар өткіздік Ал ұлттық ойынымыз асық ойынын ойнау балаларды бір-бірімен жақындастыра түсті.Тағдыр талқысына ерте түскен жетім балалардың жүректеріне қуаныш сыйлап, сүйкімді күлкілерін естіп бір күн болса да қуаныш сыйладық. Ата-анасының жоқтығын мойынсынған балалардың өзара татулықтары мен бір-біріне деген қамқор сезімдеріне, өжет мінездері мен таланттарына, өнерлеріне риза болдық. Дегенмен жанарларындағы мұңды көріп, өмірдің ащы дәмін татып үлгерген сәбилердің бейнелері көпке дейін санамыздан шықпады. Игі бастамаға қолдау көрсетіп, сынып жетекші Канапина Асель Альмухановнаның қасынан табылған ата-аналар ұжымы да елгезектік танытып, осы бастаманың толық іске асуына мол үлестерін қосты.
.
Балалар үйінде өмір сүріп жатқан құрдастарының мұңды тағдырлары мен олардың өмірлері сынып оқушыларының да көңілдеріне ой салғанын айтпай түсінуге боларлықтай.
Сынып жетекшісі: Канапина Асель Альмухановна
Бастауыш сынып мұғалімі: Раисова Асель Женискановна