ЛОГОПЕДТЕН КЕҢЕСТЕР!
Аты-жөні: Жалаушинова Лира Мұқаметханқызы
Туған жылы: 1980 жыл 9 мамыр
Білімі: жоғары
- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Мамандығы «Дефектология магистрі», 2012ж;
- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Мамандығы «Дефектология», біліктілігі «Дефектология бакалавры», «мұғалім-логопед» 2008ж;
- С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті мектепте», біліктілігі «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» 2002ж;
Педагогикалық өтілі: 24 жыл
Жұмыс орны: 6.09.2024 ж бастап ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ
Қызметі: Мұғалім-логопед, дефектолог
Сүйікті ісі: тоғызқұмалақ ойнау, әдеби кітаптар оқу
Ата-аналарға арналған кеңестер:
- Кез-келген мамандық иесі үшін, таза сөйлеу тілін қалыптастыру өте маңызды. Анық қалыптаспаған сөйлеу тілі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуіне, оның жалпы және мінез –құлқының дамуына кедергісін тигізіп, мектеп кезеңінде үлгермеушілікке әкеліп соғады.
- Баланың сөйлеу тілі қоршаған адамдардың тіліне еліктеу арқылы қалыптасып дамиды. Сондықтан бала қоршаған адамдардың сауатты сөйлеу тілін естіп дамуы қажет.
- Баланың сөйлеу тілінің алғашқы үлгісі –жақын туғандарының сөйлеу тілі. Ата-ана баласының ана тілін үйретуде алғашқы ұстаздары болып табылады. Отбасы –алғашқы мектеп.
- Ата-ана қолдауынсыз балаға сөйлеу тілін қалыптастыру қиынға түседі. Балаңызбен үнемі сөйлесіңіз. Балаңыздың сөйлегенін мұқият тыңдаңыз, оның қойған сұрақтарына асықпай, нақты, мәнерлі, орта дауыс ырғағымен жауап беріңіз. Әр дыбысты, сөзді нақты, анық айту арқылы баланың ауызша сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына жол ашасыз.
- Баланың дұрыс қалыптаспаған сөйлеу тіліне еліктемеңіз. Баламен бала тілінде сөйлеспеңіз. Бала тілі қалыптаса бастағанда ересектер тіліне көшкен дұрыс. Әйтпесе, баланың дұрыс сөйлеу тілін тежеуге себеп боласыз.
- Сөйлеу тілі қалыптаса бастағанда қарапайым сөздер, қысқа фразалар қолданып, сөздер мен сөз тіркесі арасында кідіріс жасап,сөйлеуге тырысыңыз. Сізге еліктеп, тілі дұрыс қалыптасады.
- Сөйлеу тілінің тежелуін байқасаңыз, арнайы мамандар көмегіне жүгініңіз.
- Баланың дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіңіз, өзіңіз сөйлешенде бала бетіңізге қарап, ерін, артикуляциялық мүшелер қозғалысын қарай алатын болсын.
- Мектептен не басқа жерден келе жатқанда үнемі айналадағы заттармен таныстырып, түсін, атын, қасиетін айта беріңіз.
- Тек бір тілде сөйлеп, бір тілдегі бағдарламалар көріңіздер.
- Баланың қойған сұрақтарына ерінбей, толық жауап беруге тырысыңыз, жауабыңыз баланың таным өрісіне сай келетін болсын.
- Баланың сөзі тым тез, не тым баяу сөзіне көңіл аударыңыз, үнемі анық, мәнерлі сөйлеуін талап етіңіз.
- Балаңызға жасына сай қатты, әр түрлі бұдырлы, не шайналатын тағамдарды беруден қашпаңыз.
- Демді мұрынмен тартып алып, ауызбен дұрыс шығаруына мән беріңіз.
- Баланы сөйлеу тіліне қатысты шамадан тыс материалдармен шаршатпаңыз. Балаға кітап не ойыншық таңдауда жас ерекшелігі мен қабылдау деңгейін, эмоционалдық күйін есепке алыңыз.
Ата-анаға жадынама
Посмотреть онлайн файл: ata-anaa-zhadynama.pdf




ЛОГОПЕДТЕН КЕҢЕСТЕР!
Кез-келген ата-ана үшін баланың таза сөйлеу тілін қалыптастыру өте маңызды. Анық қалыптаспаған сөйлеу тілі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуіне, оның жалпы және мінез-құлқының дамуына кедергісін тигізіп, мектеп кезеңінде үлгермеушілікке әкеліп осады. Баланың сөйлеу тілі қоршаған адамдардың тіліне еліктеу арқылы қалыптасып, дамиды. Сондықтан, бала қоршаған адамдардың сауатты сөйлеу тілін естіп, дамуы қажет. Баланың сөйлеу тілінің алғашқы үлгісі-жақын туғандарының сөйлеу тілі. Ата-ана баласының ана тілін үйретуде алғашқы ұстаздары болып табылады. Отбасы – алғашқы мектеп. Ата-ананың қолдауынсыз балаға сөйлеу тілін қалыптастыру қиынға түседі. Балаңызбен үнемі сөйлесіңіз. Балаңыздың сөйлегенін мұқият тыңдаңыз, оның қойған сұрақтарына асықпай, анық, мәнерлі, орта дауыс ырғағымен жауап беріңіз. Әр дыбысты, сөзді анық айту арқылы баланың ауызша сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына жол ашасыз. Баланың дұрыс қалыптаспаған сөйлеу тіліне еліктемеңіз. Баламен бала тілінде сөйлеспеңіз, ням - ням (тамақ жеймін), мяу (мысық) және т.б. сөздер қолдануға болмайды. Бала тілі қалыптаса бастағанда ересектер тіліне көшкен абзал. Әйтпесе, баланың дұрыс сөйлеу тілін тежеуге себеп боласыз. Сөйлеу тілі қалыптаса бастағанда қарапайым сөздер, қысқа фразалар қолданып, сөздер мен сөйлемдер арасында кідіріс жасап, сөйлеуге тырысыңыз. Сол кезде балаңыз Сізге еліктеп, тілі дұрыс қалыптасады. Балаңыздың алғашқы былдырлауы мен сөздерді айтқан кезін қадағалаңыз. Сөйлеу тілінің тежелуін байқасаңыз, арнайы мамандардың көмегіне жүгініңіз.
Балаңызға дұрыс сөйлеу тілінің дағдыларын үйретіңіз, асығып, жылдам сөйлеуді шеттетіңіз. Байыппен, анық, мәнерлі сөйлеу баланың сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды. Баланы сөйлеу тіліне қатысты шамадан тыс ақпаратпен шаршатпаңыз. Оқу барысында әр сөздің, іс-әрекеттің маңынасын ашып, түсіндіріңіз. Балаға кітап таңдауда оның жас ерекшелігі мен қабылдау деңгейін, эмоционалдық күйін есепке алған жөн.
Артикуляциялық жаттығулар!
Артикуляциялық жаттығу – бұл ерінге, тілге, астыңғы жақ сүйектеріне арналған жаттығулар. Баланы айнаға қарап ауызын ашып, жабуына, тілді жоғары көтеруге, оны жіңішке және жалпақ етіп жасауға, қалыпты жағдайда ұстап тұруға үйрету. Күнделікті 10-15 минут уақытыңызды артикуляциялық жаттығуларға бөлсеңіз, балаңыздың сөйлеу тілінде ешқандай кемістік туындамайды. Есте сақтаңыз! Өз баласын ата-анадан аса ешбір адам танып, білмейді, сондықтан бала дамуында, тежелу байқалса, алғашқы қол созып, көмек көрсететін ата-анасы болып табылады. Ата-аналар үнемі баласы туралы білімін жетілдіруі қажет. Бұл даму кепілі.