01
февраль
2021
Ата-аналарға кеңес
Ата-аналарға арналған кеңес:
Баланың жақсы жағына жетелей білу.
Баланың қателіктерін атап көрсетуден аулақ болу.
Баланың өз-өзіне деген сенімділігін қолдай білу керек.
Жанұяда достық қарым-қатынасты, балаға деген махаббатты, сыйластықты орнықтыра білу.
Қатал да, мейірімді бола біліңіз, бірақ қатаң жазаламауға тырысыңыз.
Балаңызды қолдай отырып, сонымен бірге уайымдағаныңызды көрсете біліңіз.
Баланың емтиханда алған балының нәтижесіне уайымдамаңыз және балаға сыни көзқарас білдірмеңіз. Алған балдың нәтижесімен баланың мүмкіншілігі шектеліп қалмайды, сондықтан баланың өзіне деген сенімін жоғалтасыз.
Емтихан кезінде балаға мазасыздық сезімін туғызбаңыз-бұл сынақ нәтижесінде кері әсерін беруі мүмкін.
Балаға негізі ата-ананың толғанысы беріледі, егер үлкендер жауапкершілік жағдай кезінде өз эмоцияларын меңгере алмаған жағдайда, ол баланың көңіл-күйіне қатты әсер етеді.
Балаларды сергітіп оларды жақсы жұмыс істегені үшін мадақтай біліңіз.
Олардың өзіне деген сенімділігін арттыра біліңіз.
Баланың көңіл-күйін уақытында бақылап, байқап отырыңыз.
Балаға сынаққа дайындалу кезінде, көп ауыртпалықты түсірмей, бір сәтке демалу керек екендігін түсіндіріп, шамадан тыс жүктемені арқалауына жол бермеңіз.
Таза ауада демалу.
Баланың дайындық режимін бақылап отырыңыз.
Баланың дайындалуына ешкім кедергі жасамайтындай ыңғайлы орны болуы керек.
Сынақ кезінде киім киісі бірқалыпта болуы керек.
Адамдардың көңілін аудармау үшін, өте ашық түсте киінбеу керек.
Сынақ өтетін күні, сынаққа дейін артық жұмыс істеу қажет емес.
Егер сынаққа толығымен дайын емес болса, бір нәрсені жаттап оқуға тырыспасын, керісінше демалып, көңіл көтергені дұрыс.
Баланың тамақтануына көңіл бөліңіз
Балаға сынаққа дайындалу кезінде тақырыптарды әр күнге бөліп алып дайындалуына көмектесіңіз.
Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық тапсырмаларды жаттап алу мүмкін емес, сондықтан басты ережелер мен түсініктерді беттерге жазып алып столдың, төсектің жанына іліп қойуына болады.
Пән бойынша тест тапсырмаларының әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз.
Тест тапсырмалары бойнша дайындық жүргізу кезінде балаларды уақытты пайдалана білу және бөле білуге үйрету. Бұл жаттығу баланың өзіне деген сенімділігін оятып, мазасыздық деңгейін жояды.
Егер балада сағат болмаса оған сағат ұсыныңыз.
Сынақ алдында баланың демалуын қамтамасыз етіңіз.Ол демалып ұйқысын қандыруы керек.
Бала бойындағы ашу-ызаны қалай шығаруға болады?
·Сүйікті әнін айғайлап айту·Нысанаға ойыншық найза ату
·Ашу суретін салып жыртып лақтырып тастау
·Үй жануарымен ойнау
·Сабын көпіршіктерін шығару
·Бірнеше қағазды умаждап, лақтыру
·Сүйікті ісімен айналысу
·Пластилиннен әр түрлі мүсіндер жасау. Мыжғылау
·Бокс грушасымен айқасу
·Үстел футболын ойнау
·Аулада немесе үйде бірнеше рет айнала жүгіру
·Жылы ванна, душ қабылдау
·Достарға қоңырау шалу
·Шай ішу
·Сүйікті әуендер тыңдау
·Өз сезімдерімен жақын адамдарымен бөлісу, орын алған жайтты сол адаммен талқылау
Баланың 7 жастағы дағдарысы

Мектепке дейінгі жастағы баланың мінез-құлқы күрт өзгеруі мүмкін. 6-7 жастағы бала қарқынды тез өседі әдетте алғашқы тұрақты тістер пайда болады. Алайда негізгі өзгерістер сыртқы түрінің өзгеруінде емес, мінез-құлқының өзгеруінде болады.
Әдеттегі ойын баласы бір мезетте оқушыға айналады және өмірде «оқу» деген маңызды этап басталады. Бала қандай да бір себеппен қиялға беріледі, алаңғасар, көңілі далада отырады, әрекет етуі бұрынғыға қарағанда басқаша жүреді. Оның мінез-құлқында мынадай қасиеттер басым болады: Ата-анаға қасақана әрекет ету, қыңырлық, жасандылық бар, бір түрлі күлкілі іс-қимылдар, сайқымазақтану пайда болады.
Әрине балалар ересектерге еліктегісі келеді. Соған қарай балалар үлкендерше әңгіме айтқысы келеді.
Бұл жаста бала өз сезімін сезе алады және өзінің қанай сезімде екенін білдіре алады. Мысалы: мен ашуланып тұрмын, мен қуаныштымын т.б.
Кейбір балалар бұл кезеңде өздеріне сенімсіз болады, сабақ оқуға ынтасыз келеді.
7 жас дағдарысы ерте (кейде 5 жасында да) басталуы мүмкін. Кейбір балаларда бұл басқа дағдарыс өткір емес және айқын көрінбейді, ата-аналар бұл дағдарысты байқамай да қалуы мүмкін, алайда бұл дағдарыс баланың өміріндегі көптеген қайшылықтар мен жаңа қалыптасуларды тудырады. Бұл кезең жасөспірім өтпелі кезеңінің алғашқы сатысы десе де болады.
Дағдарыс кезеңдері салыстырмалы түрде қысқа уақытқа созылады: 1-2 ай, бірақ 1жыл немесе 2 жылға созылуы да мүмкін.
vДағдарыс кезеңінің «ауыртпалықсыз» өтуі үшін ең маңызды шарт сіздің балаңызды қалай бар солай қабылдау!
vСіз балаңызға оған деген құрметіңізді көрсетіңіз себебі бала тұлға ретінде қалыптасып өсіп келеді. Оны теңестіріп, білім беру сәттерінде көбірек еркіндік беріп иекмді болыңыз!
vАта-ана балаңыздың тұлға болып қалыптасуына , мектеп әлеміне бейімделуіне көмектесіңіз, баланың сабаққа ынтасы болмаса ұрыспаңыз.
Бала негізгі әрекеттерден гөрі адамдар арасындағы қарым-қатынасқа мүдделі болады.
Ата-аналарға кеңестер
Егер балаңыз тым тұйық, әрі өтірікті жиі айтатын болса, онда сіз балаңыздың әрбір қателігі үшін қатаң жаза қолданып, оның өткен қателіктерін жиі есіне салатын болуыңыз мүмкін.Егер балаңыз сізге жиі өкпелесе және жағдайдың көлеңкелі жағын ғана көруге бейім болса, онда сіз оның жетістіктері үшін лайықты түрде мақтамаған болуыңыз, әрі оның кемшіліктерін ғана байқап жүрген болуыңыз мүмкін.
Егер балаңыз өзге ортада қымсынып, ойын дұрыс жеткізе алмаса, демек сіз оны өзге ортада, бөтен адамдардың көзінше көп сөгетін болуыңыз мүмкін.
Егер балаңыз қорқақ болса, онда сіз оны щектен тыс қорғаштайтын және оған кішігірім қиындықтардан өзіңіздің көмегінсіз өтуіне мүмкіндік бермеуіңіз мүмкін.
Егер балаңыз депрессияға жақын болса, яғни әр қиындықты жүрекпен қабылдаса онда сіз оған кішкентайынан шамадан тыс қамқорлық танытқан болуыңыз мүмкін. Еш қиындық көрмеген баланың тағдыр соққыларын көтеруі қиын.
Егер балаңыз өзін өзгелерден төмен санайтын болса, онда сіз оған көбіне өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік бермеуіңіз мүмкін.
Егер балаңыз дөрекі мінез көрсетсе, бұл сіздің де достарының да кері әсерінен болуы мүмкін. Алдымен өзіңізді тәрбиелегеніңіз жөн. Оның араласатын достарына, ортасына көңіл бөліңіз.
Егер балаңыз сізді шамадан тыс мазалай берсе, бұл сіздің оған аз көңіл бөлетініңізді білдіруі мүмкін.
- Егер балаңыз үкілеген үмітіңізді сезіп өссе, ол төзімді болуға үйренеді
- Мақтаумен өссе, сенімді болуға үйренеді
- Адалдықпен мәпеленсе, әділетті болып өседі
- Мақұлдаумен өссе, онда өзін сыйлауды үйренеді
- Махаббатпен мәпеленсе, сүюді және сүйіспеншілігін сыйлауды үйренеді
- Таңдау еркіндігін біліп өссе, онда өз шешімдері үшін жауапкершілікті мойынымен көтеруді үйренеді