Дене шынықтыру және АӘД пәндер әдістемелік комиссиясы

Дене шынықтыру және АӘД пәндер әдістемелік комиссия құрамында 6 мұғалім. Барлығы жоғары білімді. 1 санатты ұстаздар – 3, педагог зертеуші-2 ұстаз, жоғарғы санаты-1 ұстаз .
№ | Аты - жөні | санаты | Лауазымдық міндеті |
1 | Калек Бауырбек | жоғары | Дене шынықтыру пәні мұғалімі |
2 | Унасов Оралбек Мұратканович | бірінші | Дене шынықтыру пәні мұғалімі |
3 | Камешов Серғазы Кабенович | бірінші | Дене шынықтыру пәні мұғалімі |
4 | Абуюров Бауыржан Жеңісбекович | Педагог-зертеуші | Дене шынықтыру пәні мұғалімі |
5 | Ахметов Кадірбек Ашимович | бірінші | Алғашқы Әскери дайындық пәні мұғалімі |
6 | Бейсенов Талант Даулетканович | Педагог-зертеуші | Дене шынықтыру пәні мұғалімі |

2015 жылдан бастап Бейсенов Т.Д.,әдістемелік комиссия жетекшісі міндетін атқарады. Бейсенов Таланттың ұйымдастыруымен пән апталығында коучинг өткізілді.
Коучинг тақырыбы: «Жаңартылған білім аясындағы 7 модульді дене шынықтыру сабағына еңгізу». Коучингке мектептің дене шынықтыру сабағын беретін және қала мектептері мұғалімдері қатысып жоғарғы дәрежеде өтті.
Қалалық жастар спартакиадасына мектебімізден волейбол спортына 5-6 сынып оқушылары қатысып жүлделі 2-ші орынды иеленді. Жаттықтырушысы Абуюров Бауыржан Жеңісбекович. ЖМК мектептері арасында баскетбол ойынынан мектеп оқушылары жарысқа қатысып жүлделі 3-ші орын иеленді. Жаттықтырушысы Камешов Серғазы Кабенович. Бокстан 8 в сынып оқушысы Қалымбеков Иса азия ойындары аясында өткен халықаралық жарыста 1-ші орын иеленіп келді. Жаттықтырушысы Калек Бауырбек. 6 в сынып оқушысы Карынбеков Нұрасыл Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық жарыста топ жарып 1-ші орын иеленді, жаттықтырушысы Бейсенов Талант Даулетканович. Қалыбеков Иса мектебіміздің 8 сынып оқушысы 2020 жылы "Евразия дарынды балалар энциклопедиясына үздік- спортшы болып жазылды" жаттықтырушысы Калек Бауырбек. 2019 жылы бокстан мектебіміздің 8 оқушысы СШҮ атағын алды, 5 оқушымыз ШҚО құрамасында облысымыздың намысын қорғап, халықаралық жарыстарда көк туымызды биіктен көрсетіп жүр.

Күнтізбелік жоспарда белгіленген бұқаралық спортты көтеру бағытында ұйымдастырылған іс –шаралар.
- Денсаулық күніне арналған спорттық іс – шаралар
- Футбол мектеп чемпионаты
- Тоғызқұмалақ мектеп біріншілігі
- «Көңілді сөре» спорттық жарыс
- Волейбол мектеп чемпионаты. Ұлдар.
- «Спорт менің серігім» спорттық жарыс
- Волейбол мектеп чемпионаты. Қыздар.
- « Біз чемпиондар» спорттық жарыс
- «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық жарыс
- Қол күрес мектеп біріншілігі.
- Ал, кәнеки қыздар!,Ұлттық спорт
- Ал, кәнеки қыздар!Ұлттық спорт ойындар.
- Жас-қырандар.
Сонымен қатар мектебімізде әр бейсенбі сайын таңғы жаттығулар өтіп тұрады. Мектебімізде спортық үйірмелер жүйелі түрде қойылған. Мектеп оқушылары сабақтан тыс уақытта спортпен белсенді айналысуда.
