Ата-аналарға кеңес
Ата-аналарға арналған кеңес: Баланың жақсы жағына жетелей білу. Баланың қателіктерін атап көрсетуден аулақ болу. Баланың өз-өзіне деген сенімділігін қолдай білу керек. Жанұяда достық қарым-қатынасты, балаға деген махаббатты, сыйластықты орнықтыра білу. Қатал да, мейірімді бола біліңіз, бірақ қатаң жазаламауға тырысыңыз. Балаңызды қолдай отырып, сонымен бірге уайымдағаныңызды көрсете біліңіз. Баланың емтиханда алған балының нәтижесіне уайымдамаңыз және балаға сыни көзқарас білдірмеңіз.