"Адал ұрпақ" клубының жұмысы » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2024

"Адал ұрпақ" клубының жұмысы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Ол үшін мектеп қабырғасынан  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы» түсіндіре отырып, оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйретуге, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеуге тиіспіз!  
25.04.2024 жылы 9 «Г» сыныбында тарих пәні мұғалімі оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету және сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында  «Адалдық сағатын» өткізді.   Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын тәрбиелік іс-шарада  оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар беріліп, топтық талдаулар қызу талқыланды.
  25.04.2024 жылы мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубында тарих пәні мұғалімі А.Б. Касеновтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі баптарының мазмұны талқыланды.   Бүгінгі күнде клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.
Мектептебімізде әсіресе тарих, құқық сабақтарында, азаматтық қоғамды   қолдауға қабілетті жастарды тәрбиелеуге, адал еңбекке баули отырып,еңбек адамын құрметтеуге,кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға көмек беру, адамның құқығын тану мен сыйлау, адамгершілік пен азаматтыққа, жалпы адами  құндылықтардың артықшылықтарын тануға,құқықтық сауатты, нағыз патриотты қалыптастыру мақсатында жұмыс жасаймыз.Атап айтқанда, тарих пәні мұғалімі А.С.Нурмухамбетовнаның жетекшілігімен 10 «Б» сыныбының оқушылары "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы"  заңдары тақырыбын талдап, баяндамалар жасады.     
8 сыныптар арасында  «Жемқорлыққа жол жоқ»" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Құқықтық айлықта 10 сыныптар жемқорлыққа қатысты «Сот сабағын» өткізіп, оқушыларым өздерін құқық қорғау қызметкерлері,сот төрешісі,қорғаушы,тәртіп сақшысы,мемлекеттік қорғаушының рөлін сомдап, актерлік шеберліктерімен мектеп ұжымын таң қалдырды. 9-10 сыныптармен «құқық негіздері» пәнінен «Сыбайлас жемқорлық» бөлімінен сабақ өткізілді.Қонақ ретінде криминалистика факултетінің студенттері келіп, оқушыларға саусақ іздерін, пара алған кездегі ақшадан қалай саусақ іздерін алатынын және де ақшадан «пара» деп жазылған сөзді ультрафиолетті түспен көрсетті. Оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі өте жоғары болды. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, кәсіби бағдар жүзеге асты десем артық емес.
 «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!» атты 8-10 сыныптар арасындағы театрландырылған қойылым сайысынан сыныбым жүлделі 1-орынды иеленді. 
Мектепішілік дебат үйірмесінің жетекшісі тарих пәні мұғалімі Т.Қ. Шакимова 24.04.2024 күні «БП сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмін ұсынады» деген тақырыпта 8-9 сынып оқушылары арасында дебат ойынын өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлық туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқушы бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық әрі дәйекті түрде жеткізе білді.