«Әлемге күлкі сыйлаймын» атты сап жиын өтті.
Әр сөзімен соны ой қоздатып, ұлттық даналықтың туын сана биігіне желбіреткен қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларында «жүрек» сөзін 40-тан астам мағынада 107 рет қайталаған екен.
Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас, – деп басталатын өлеңін әрі қарай оқысақ ұлы ақын достық пен қастықтың, ар мен ұяттың барлығы жүректен туындайтын қасиеттер екенін ұғындырады
Жүрек – тірі жандылардың дене мүшелерінің патшасы. Дене жасушаларын қоректендіріп, тамырлар арқылы ағзаға қан айналымын жүйелеп беріп отыратын орталық мүше – жүрек. Тән мен жанның тұтастығы өмір сүру деңгейімен өлшенсе, «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?» деп Абай айтқандай, тіршіліктің көзі осы ара болып саналады.
Осы орайда Бастауыш сыныптарда «Әлемге күлкі сыйлаймын» атты сап жиын өтті.






