Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК мұғалімдерінің ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты өткізген іс-шаралары туралы ақпарат » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК мұғалімдерінің ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты өткізген іс-шаралары туралы ақпарат
25
февраль
2020

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК мұғалімдерінің ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты өткізген іс-шаралары туралы ақпарат

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК мұғалімдерінің   ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты өткізген іс-шаралары туралы ақпарат

Қазақ халқының мәдениетінің, әдебиетінің дамуында   Абай Құнанбайұлының алатын орны ерекше. Абай-бар халықты талантына бас идірген ақын, гуманист, қазақтың біртуар ұлының бірі, әдебиет алыбы. Өскемен қаласы «№45 бейімделген орта мектебінде» қазақ тілі мен әдебиеті және тарих ӘК-да   атаулы шараға байланысты  жоспар құрылды.  

 Мектептің  акт залында   «Қазақтың дара туған данасы»   атты  ұлы ақын, ойшыл А.Құнанбайұлының туғанына 175 жыл   толу  мерейтойына арналған   іс-шараның   ашылу салтанаты өтті.  Бұл шараның мақсаты -қазақтың ұлы ақыны, гуманист классигі Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын насихаттай отыра,  жастарлы адамгершілікке, елін, жерін сүюге, ұлттық құндылықтарды бойларына дарытуға тәрбиелеуге бағытталды. 

Оқушылар  бұл шарада  А.Құнанбайұлының  өлеңдерін, қарасөздерін  нақышына келтіре  оқыды.    Құнанбайдың, Абайдың, Ұлжанның  образдарын шеберлікпен сомдай білген  11-10 сынып оқушылары  көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. 

 

9-11 сынып оқушылары арасында  «Абай - қазақ поэзиясының биік шыңы» эссе байқауы болып өтті.  Жұмыстары «Үздік» деп бағаланған  оқушылар жүлделі орындар мен алғыс хаттармен марапатталды.


7-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Уркунчинова Н.М. «Ұлы халықтың ұлы Абайы» тақырыбында мәнерлеп өлең оқу сайысын ұйымдастырды. Сайыстың жеңімпаз оқушылары мадақтама қағаздарымен марапатталды.

ӘК мұғалімдері  Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындап, мектепішілік Абай  әндерін орындау эстафетасына  да белсене қатысты. 

Абай –қазақ әдебиетінің ғана емес, барша қазақ халқының рухани нәр бұлағы, болашағының адастырмас темірқазығы.  Қазақ деген ұлт барда  ұлы ақын есімі ұмытылмайтынын, керісінше биікке көтеріліп, дәріптеле берілетіндігін шараға белсене қатысқан  ұрпақтары тағы  бір рет дәлелдегендей болды.