08
ноябрь
2024
«Даналық мектебі» аясында «Өнегелі өмір» атты кездесу






Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы , Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№ 45 орта бейіндік мектебі» КММ-де «Даналық мектебі» аясында 8.11.2024 күні «Әже даналығы» және «Ата өсиеті» бойынша «Өнегелі өмір» тақырыбында мектебіміздің әжелері мен аталары тамаша бір рухани кештің өтуіне себепкер болды. Кешімізге өз саласында жетістікке жеткен, істеген ісі елге үлгі, өнеге болатындай танымал «Атамұра» ансамбльінің жетекшісі және мүшелері, «Қазына» әжелер клубының жетекшісі және мүшелері шақырылды.
Ұлы Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,» - дейді. Шарамыздың мақсаты әжелеріміз бен аталарымыз да немерелеріне жақсы адамдарды үлгі етіп, солардың мәнді де мағыналы, өнегелі өмірлерін айтып, өзіндік ақылдарын беріп отырса деген ой.
#Ата-аналардыпедагогикалыққолдауорталығы
#Даналықмектебі_ука_45
#Біртұтас_тәрбие_ука_45
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18