Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар атқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 08.01.2024 №11/1-Ө мектепішілік бұйрық негізінде жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг нәтижесі мектеп саитына жарияланып отырады.
2022-2023 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша: 169 сатып алу өткізілді, оның ішінде : бір жерден тікелей келісім-шарт жасасу арқылы- 18, баға ұсыныстарын ұсыну арқылы- 102, ашық конкурс арқылы -0, өткізілген сатып алулар бойынша бір дереккөз-47, өткізілген ашық конкурстан кейін-2, заң бұзушылық - жоқ. Қаржы шаруашылық істерінің тексеру актілерінің қорытындысы бойынша, (кінәлі адамдарды тарту) – 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік сатып алу заң нормаларын тексеру болған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2016 жылғы қазан 19-ғы заңы, «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы және нормативті құжаттар әкімшілік отырыста, педагогикалық ұжым арасында, сынып жетекшілер отырысында, ата-аналар жиналыстарында кеңінен түсіндіріліп, талқыланды. Мемлекеттік қызметкерлердің сегіз этикалық нормаларды сақтауы күнделікті қадағаланды, ескерту болған жоқ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет пен оны жуытпайтын иммунитет қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында тақырыптық сынып сағаттары, құқықтық сабақтар, ата-аналар оқулары өткізілді. Ата-аналарға, оқушыларға арналған «Сенім жәшігі» айына бір рет тексеріліп отырылды. «Сенім жәшігінде» ата-аналар мен оқушылар тарапынан ешқандай арыз, шағымдар болған жоқ.«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ақпараттық стенд толықтырылды. Департаменттің «сенім телефоны» ақпараттық құралдарға орналастырылды. «Адал ұрпақ» оқушылар ұйымы тарапынан әр-түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Мектепте Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» заңын орындау мақсатында мектеп директорының №264-Ө 01.09.2022 ж. бұйрығы шығып, төмендегі құрамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау кеңесі құрылды:
Серикбаева А.Е.-кеңес төрайымы, мектеп директорының м.а.;
Кабдуалиева А.К.-төрайым орынбасары, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
Мүшелері:
Аманбаева А.М..- мектеп директорының әлеуметтік жұмыстар бойынша орынбасары;
Калкаманов Д.А.- АӘД пәні мұғалімі;
Дюзкенева Б.Ж.- кітапхана меңгерушісі, хатшы
Адиканова С.С. – мектептің «Қамқор» кеңесінің төрайымы;
Бисаева Т.Қ. – педагог-психолог
Кумаргалиева А.С.-директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа жол беретін тәуекел түрлері анықталып, олардың тізбесі жасалды. Осы тәуекелдер тізбесіне қарсы бағытталған іс-шаралар жоспары жасалып, оның орындалу жағдайы жүйелі түрде кеңес отырысында қаралып, талқыланып отырылды. Атап айтқанда, мектеп ішінде әр-түрлі шешімдерді әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету; Барлық педагогикалық кеңес пен директор алдындағы отырыстар шешімі ұжымда талқыланып, көпшіліктің ұсынысымен қабылданатыны анықталды. Шығарылатын бұйрықтар Қазақстан Республикасының заңдары мен өкілетті ұйымдардың нормативті құжаттары негізінде жазылған.
Екінші бір мысал, мұғалімдер аттестациядан өткен кезде аттестациялау құрамынан таныстар іздеу. Осы сұрақ төңірегінде мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде мектептің арнайы аттестациялық комиссиясы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Білім Заңы және мұғалімдерді аттестациядан өткізу ережесіне сәйкес жүргізіп отырғаны анықталды.
Үшінші мысал, мектепте әр-түрлі себеппен заңсыз ата-аналардан ақша жинау тәуекелі. Бұл сұраққа байланысты арнайы мектеп директорының міндетін атқарушысының №01.09.2022 ж. №264-Ө бұйрығы шығарылып, барлық ұстаздар мен ата-аналар арнайы ескерту парағына қолдары қойылған. Мектептің қамқор кеңесінің жұмысын жандандыра отыра ерікті түрде демеушілік көмек көрсетушілерге мектептің арнайы есепшоты арқылы жұмыс жасалғаны анықталды. Бұл жұмыстардың қорытындысы мектептің жалпы ата-аналар жыйналысында қаралып, қамқор кеңесі жұмысының есебі тыңдалды.
Қалған әр-бір сыбайлас жемқорлықтың болуына жол беретін тәуекелдерге қарсы бағытталған іс-шаралар жоспарының орындалуы жүйелі түрде кеңес отырыстарында қаралып, талқыланды.Көрсетілген кезеңде, сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталмай шықты, мектепте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Мектеп қызметкерлері мен ата-аналардың өтініштері үнемі бақыланады. Өтініш түсіп жатқан жағдайда қарастыру мерзімдері сақталады, қарастырылмай, жауап берілмей қалған өтініштер жоқ. Тексеру жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған, теріс қылықтары және Әдеп кодексінің нормаларын бұзған оқиғалар бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар тіркелген жоқ.
2023-2024 оқу жылы бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша: 288 сатып алу өткізілді, оның ішінде : бір жерден тікелей келісім-шарт жасасу арқылы- 9, баға ұсыныстарын ұсыну арқылы- 151, ашық конкурс арқылы -1, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс-1, өткізілмеген сатып алулар бойынша бір дереккөз-124, конкурсты екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып -2, заң бұзушылық - жоқ. Қаржы шаруашылық істерінің тексеру актілерінің қорытындысы бойынша, (кінәлі адамдарды тарту) – 2023 оқу жылы мемлекеттік сатып алу заң нормаларын тексеру болған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2016 жылғы қазан 19-ғы заңы, Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ, «Нұр Отан» («AMANAT»)партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы және нормативті құжаттар әкімшілік отырыста, педагогикалық ұжым арасында, сынып жетекшілер отырысында, ата-аналар жиналыстарында кеңінен түсіндіріліп, талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет пен оны жуытпайтын иммунитет қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында тақырыптық сынып сағаттары, құқықтық сабақтар, ата-аналар оқулары өткізілді. Ата-аналарға, оқушыларға арналған «Сенім жәшігі» айына бір рет тексеріліп отырылды. «Сенім жәшігінде» ата-аналар мен оқушылар тарапынан ешқандай арыз, шағымдар болған жоқ.«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!» тақырыбында ақпараттық стенд толықтырылды. Департаменттің «сенім телефоны» ақпараттық құралдарға орналастырылды. «Адал ұрпақ» оқушылар ұйымы тарапынан әр-түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Ол үшін мектеп қабырғасынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы» түсіндіре отырып, оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйретуге, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеуге тиіспіз!
25.04.2024 жылы 9 «Г» сыныбында тарих пәні мұғалімі оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету және сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар беру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Адалдық сағатын» өткізді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын тәрбиелік іс-шарада оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар беріліп, топтық талдаулар қызу талқыланды.
25.04.2024 жылымектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубындатарих пәні мұғалімі А.Б. Касеновтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі баптарының мазмұны талқыланды. Бүгінгі күнде клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.
Мектептебімізде әсіресе тарих, құқық сабақтарында, азаматтық қоғамды қолдауға қабілетті жастарды тәрбиелеуге,адал еңбекке баули отырып,еңбек адамын құрметтеуге,кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға көмек беру, адамның құқығын тану мен сыйлау, адамгершілік пен азаматтыққа, жалпы адами құндылықтардың артықшылықтарын тануға,құқықтық сауатты, нағыз патриотты қалыптастыру мақсатында жұмыс жасаймыз.
Атап айтқанда, тарих пәні мұғалімі А.С.Нурмухамбетовнаның жетекшілігімен 10 «Б» сыныбының оқушылары "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңдары тақырыбын талдап, баяндамалар жасады.
8-сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Құқықтық айлықта 10-сыныптар жемқорлыққа қатысты «Сот сабағын» өткізіп, оқушылар өздерін құқық қорғау қызметкерлері,сот төрешісі,қорғаушы,тәртіп сақшысы,мемлекеттік қорғаушының рөлін сомдап, актерлік шеберліктерімен мектеп ұжымын таң қалдырды. https://www.instagram.com/p/C4M4q-FIxAN/?igsh=MTd1bjlrbWd2ZHkzaA== 9-10 сыныптармен «құқық негіздері» пәнінен «Сыбайлас жемқорлық» бөлімінен сабақ өткізілді. Қонақ ретінде криминалистика факултетінің студенттерікеліп, оқушыларға саусақ іздерін, пара алған кездегі ақшадан қалай саусақ іздерін алатынын және де ақшадан «пара» деп жазылған сөзді ультрафиолетті түспен көрсетті. Оқушылардың қызығушылығы, белсенділігі өте жоғары болды. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, кәсіби бағдар жүзеге асты десекте артық емес.
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!»атты 8-10 сыныптар арасындағы театрландырылған қойылым сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.https://www.instagram.com/reel/C0MJWZuqsDy/?igsh=MWJtN3kxM2Y1YjNmMg== Мектепішілік дебат үйірмесінің жетекшісі тарих пәні мұғалімі Т.Қ. Шакимова 24.04.2024 күні «БП сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмін ұсынады» деген тақырыпта 8-9 сынып оқушылары арасында дебат ойынын өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлық туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқушы бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық әрі дәйекті түрде жеткізе білді. Қалалық деңгейде ұйымдастырылығын «Адал ұрпақ» клубтары арасында сайста мектеп командасы жүлделі 3-орын иеленді.“Адал ұрпақ” клубының жетекшісі Касенов А.Б. жүргізуімен “Адалдық сағаты” өтті.https://www.instagram.com/p/C_0B5SqK_8o/?igsh=cXY3dW9tNzE5N3N2
2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Мектепте Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» заңын орындау мақсатында мектеп директорының №2-1-Ө 05.01.2024 ж. бұйрығы шығып, төмендегі құрамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасау кеңесі құрылды:
Серикбаева А.Е.-кеңес төрайымы, мектеп директоры;
Камшыбаева М.А.-төрайым орынбасары, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
Мүшелері:
Аманбаева А.М..- мектеп директорының әлеуметтік жұмыстар бойынша орынбасары;
Болатбеков А.Ш.- АӘД пәні мұғалімі;
Дюзкенева Б.Ж.- кітапхана меңгерушісі, хатшы
С.С.Адиканова – мектептің «Қамқор» кеңесінің төрайымы;
Даутова З.Т. – педагог-психолог
Аманжолова А.К.-директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа жол беретін тәуекел түрлері анықталып, олардың тізбесі жасалды. Осы тәуекелдер тізбесіне қарсы бағытталған іс-шаралар жоспары жасалып, оның орындалу жағдайы жүйелі түрде кеңес отырысында қаралып, талқыланып отырылды. Атап айтқанда, мектеп ішінде
әр-түрлі шешімдерді әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету; Барлық педагогикалық кеңес пен директор алдындағы отырыстар шешімі ұжымда талқыланып, көпшіліктің ұсынысымен қабылданатыны анықталды. Шығарылатын бұйрықтар Қазақстан Республикасының заңдары мен өкілетті ұйымдардың нормативті құжаттары негізінде жазылған.
Екінші бір мысал, мұғалімдер аттестациядан өткен кезде аттестациялау құрамынан таныстар іздеу. Осы сұрақ төңірегінде мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде мектептің арнайы аттестациялық комиссиясы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Білім Заңы және мұғалімдерді аттестациядан өткізу ережесіне сәйкес жүргізіп отырғаны анықталды.
Үшінші мысал, мектепте әр-түрлі себеппен заңсыз ата-аналардан ақша жинау тәуекелі. Бұл сұраққа байланысты арнайы мектеп директорының міндетін атқарушысының №01.09.2023 ж. №307-Ө «Ақша жиюға тыйым салу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы » бұйрығы шығарылып, барлық ұстаздар мен ата-аналар арнайы ескерту парағына қолдары қойылған. Мектептің қамқор кеңесінің жұмысын жандандыра отыра ерікті түрде демеушілік көмек көрсетушілерге мектептің арнайы есепшоты арқылы жұмыс жасалғаны анықталды. Бұл жұмыстардың қорытындысы 23.04.2024 https://www.instagram.com/reel/C6Ik70bqIVL/?igsh=dG84OW15emZrM2R3
жылы мектептің жалпы ата-аналар жыйналысында қаралып, қамқор кеңесі жұмысының есебі тыңдалды.
Қалған әр-бір сыбайлас жемқорлықтың болуына жол беретін тәуекелдерге қарсы бағытталған іс-шаралар жоспарының орындалуы жүйелі түрде кеңес отырыстарында қаралып, талқыланды.Көрсетілген кезеңде, сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдер анықталмай шықты, мектепте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Мектеп қызметкерлері мен ата-аналардың өтініштері үнемі бақыланады. Өтініш түсіп жатқан жағдайда қарастыру мерзімдері сақталады, қарастырылмай, жауап берілмей қалған өтініштер жоқ. Тексеру жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған, теріс қылықтары және Әдеп кодексінің нормаларын бұзған оқиғалар бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар тіркелген жоқ.