Өзін -өзі басқару ұйымы Мектеп Парламенті Президентін ұлықтау рәсімі
Өзін -өзі басқару ұйымы Мектеп Парламенті Президентін ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынның сценарийі
Барысы:
1 ЖҮРГІЗУШІ: Қайырлы күн қонақтар,ұстаздар және оқушылар!
2-ЖҮРГІЗУШІ: Назарларыңызға өзін -өзі басқару ұйымы Мектеп Парламенті Президентін және кеңес төрағаларының ұлықтау рәсіміне қош келдіңіздер! (бірге)
Болатбеков А.М. Ұйым тік тұр! (оқушылар орныдарынан тұрады)
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының туы енгізілсін!, сахна төріне Ту кіргізіледі.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Түсініп терең, өмірдің мәнін
Жалынды жастар, сендерсің сәнім.
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық гимн әнім!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.
2-ЖҮРГІЗУШІ: 2024 жылдың 20 қыркүйек -20 қазан күндері аралығында өзін -өзі басқару ұйымының Мектеп Парламенті Президентіне үміткер 5оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Ал 28 қазан күні мектебімізде өткен жалпы Мектеп Парламенті Президентінің сайлауында 322 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау мәресіне жетті.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Сонымен, бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде Мектеп Парламенті Президентінің лауазымына, атап айсақ пайыз дауыс жинаған --- « 420» сынып оқушысы Сеитова Камшат 8в сайланды.
1-Жүргізуші: Олай болса,өзін-өзі басқару ұйымының мектеп Парламенті Президентін құрметпен Сеитова Камшатті ортаға шақырайық!
1-ЖҮРГІЗУШІ:Сайлау қорытындысы бойынша жоғары дауыс жинаған 5 үміткер өзін-өзі басқару ұйымының құрамына енді.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Олардың барлығы жаңа идеяларын ұсынып, өз бағдарламалары мен жобаларын дамытып жетілдіре білді.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса, өзін-өзі басқару ұйымының фракция көшбасшыларын ортаға шақырып, құрметпен қарсы алайық!
БЕЛСЕНДІЛЕР ОРТАҒА ШАҚЫРЫЛАДЫ
1. Кенжал Айсана «Жеті жарғы» бағыты
2. Кумарова Ясмина, Төлегенова Айзере «Отан» бағыты
3. Ахмет Бегалы, Шайзолданова Айлана , Жаныбекова Диана «Зерде» бағыты
4. Тургалиева Айару, Дәулетұлы Ислам «Руханият» бағыты
5. Берікұлы Бекарыс, Сагатбеков Акнур «Салауат» бағыты
6.Мамырбек Аңсар, Бердібекқызы Інжу, Акрамова Ақбота «Еңбек» бағыты
7. -Досумова Тамила, Мұратбек Айерке, Бауржанқызы Інжу «ЭКО әлем» бағыты
1-ЖҮРГІЗУШІ: Мектеп Парламенті Президенті мен Көшбасшылары алдағы уақытта мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенімдеміз.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Парламенті Президентін ұлықтауға және Кеңес төрағаларының төсбелгілерін тағу рәсімі құрметпен
Мектеп директоры – Серикпаева Алия Елғазықызы
Жас ұлан ұйымынын салтанатты түрде галстук тағу рәсіміне кезек берсек
Қонақтарға сөз беріледі.
1-ЖҮРГІЗУШІ: Құттықтау сөз Мектеп директоры Серикпаева Алия Елғазықызы және ұлағатты ұстаз Қожатаев Қасым ағайға беріледі.
1-ЖҮРГІЗУШІ: өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Парламент Президенті Сеитова Камшатты салтанатты түрде АНТ қабылдауына рұқсат етіңіздер.
АНТ БЕРІЛЕДІ. АНТ БЕРІЛГЕННЕН КЕЙІН,
2-ЖҮРГІЗУШІ: 1. «Жас Ұлан» ұйымының туы шығарылсын!
ТУ ШЫҒАРЫЛАДЫ
ӘН Абай Бектұрар «Елімнің әнұраны»
1-ЖҮРГІЗУШІ:
Көшбасшылар жарасып сан- салалы,
Шара десе, жиын десе жар салады.
Салтанатты жиынның құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады.
2-ЖҮРГІЗУШІ: Өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Парламенті Президентін және кеңес төрағаларының ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиыны өз мәресіне жетті.
Қуанышты күндерде кездескенше сау саламатта болыңыздар!!!