Абай Құнанбайұлына арнау өлең » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2020

Абай Құнанбайұлына арнау өлең

Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі» КММ
11-«А» сынып оқушысы   Төлегенова Іңкәр


Абай Құнанбайұлына  арнау өлең

Абай – дара, Абай дана қазақта

Әр өлеңі сыйлайды жігер алашқа

Мәңгі өшпес, мәңгі жарық сыйлайтын,

Алтын күні ол елінің қашанда

Елі үшін надандықпен күрескен,

Өз жерінің жанашыры қорғаны

Қалың елім, қайран жұртым, қазағым

Ұмытпаңдар Абайдай ұлы тұлғаны

Абай айтқан әр қарасөз сыйлайды

Иманменен тәрбиенің қайнарын

Ал әндері бар жүректі тербейді

Сырлы, ішкі, үнсіз әуен жырларын

Абай - тарих, Абай – әлем бір бөлек

Білу керек, тану керек әр қазақ

Әлем біліп, мойындаған ұлының

Өлеңдерін білмей жатсақ ұят-ақ

Абай бізге сыйлай білген ұлылық

Құдіретін ұлы сөзін астарын

Абай мәңгі өлмейтұғын даналық

Ол жарығы шуақ шашқан аспанның

Хакім Абай аңыз болған қашанда

Ұмытпайды жырын, әнін бар қазақ

Абай десе, қазақ дейтін ғаламда

Бұл мәңгілік өлмейтұғын егіз ат

Тілімізді шұбарлаған  заманда

Өлең сөздің құдіретін ұғайық

Абай салған сара жолды нық басып,

Жарқын-жарқын болашаққа жалғайық.