Қарттары бар үйдің - қазынасы бар » Өскемен қаласы әкімдігінің" № 45 бейімделген орта мектеп" КММ
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"№45 бейімделген орта мектеп" КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 61-75-36
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2020

Қарттары бар үйдің - қазынасы бар

       «Қарты бар үйдің-қазынасы бар»,-деп,дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя-шынында да,қазыналы,берекелі жанұя. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады»,- деген қанатты сөздер бар.Өйткені кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.                             

       Бүгін сынып жетекшіміз Канапина Асель Альмухановнаның ұйымдастыруымен Өскемендегі Солнечный кентінде орналасқан қарттар үйіне барып келдік.Жылу іздеген жаралы жүрек иелерінің бір сәтке болса да көңілін көтеру мақсатында апарған шарамыз өте жоғары деңгейде өтті.Әттең-ай дейміз де! Жәутеңдеп керексіз боп қалған қариялардың қатарынан   қара көз апаларымыз бен қара күштің иелері болған аталарымызды да көрдік... Жүрек ауырады әрине.Кіп-кішкене жүректеріне сидырып әкелген махаббаттарын бар өнерлеріне салған балапандарымыз қараусыз қалған қариялардың көңілінен шыға білді.Ән де айттық, би де биледік.Ойын да ойнадық.Аталарымыздан бата да алдық...Бірақ көңілден қаяу кетпеді...Концерт беріп жұбаттық па деп шыққанда балаларымыздың жабырқау сұрақтарына жауап іздедік.Жаман ата-ана бола ма? Жаман бала бола ма? Көкейде кеткен сұрақ осы.Кім кінәлі? Сансыз сұрақ,сан түрлі тағдыр...Ата-аналарымыздың арқасында апарған тәттілерімізге балаша мәз болған қариялар бейнесі... Жүгіріп бөлмелерінен өздері тығып жейтін тәттілерін біздің балаларға беріп,қуанып жүрген қариялар...Қуаныш сыйлау үшін келіп,қуана алмау жүрекке жара салды.Кейінгі ұрпақтың бұл жараны емдеп жазатынына үміт арттық.Шараның өтуіне ықпал еткен меңгеруші Айгүл Қалиханқызына алғысымызды айтып,үлкен сабақ алып қайттық.Қарттар үйі болмаса екен деген   тілекпен қайттық.Келешек ұрпағымыз салихалы,саналы болсын деп тілейміз.



  №45 бейімделген орта мектебі    «КММ»

4 «Г» сынып ата-аналары атынан:

Нұрсалимова Құралай Нигмадиловна

Раисова Асель Женискановна